Мәскеуде пайғамбардың карикатурасына қарсы митинг болды
МӘСКЕУ. 30 қазан. Мәскеудегі Франция елшілігі үйі алдында мұсылмандардың Мұхаммед пайғамбардың карикатурасы жариялануына қарсы стихиялы митингілері өтіп жатыр. Бұл туралы «Московский комсомолец» хабарлады.
«Мәскеудегі Франция елшілігі жанында мұсылмандардың Мұхаммед пайғамбардың карикатурасы жариялануына қарсы стихиялы митингі болып өтті. Шығыстықтарға тән келбеті бар ер кісілер француздың «қасиетті нәрсені қорлау» болып табылатын саясатына ашу-ыза білдірді», – делінген онда.
Олар қолдарына қолдан жасалған плакаттар ұстап алған. Олардың бірінде «Чарли Эбдо» журналының мұқабасына крест қойылса, екіншісінде Франция президенті Эммануэль Макрон мен оның әйелінің карикатурасы бар.
Елшілік жанынан полиция мен автозактер келген. Бірақ наразылық білдірушілер тұрған жерлерінен кете қоймады.
Мәскеудегі акция кезінде Францияның Ницца қаласында бір террорист соборға келген үш адамды пышақтап кетті.
Франциядағы терроризмнің басы Париж түбінде сабақ өткізу кезінде пайғамбардың карикатурасын сөз бостандығының үлгісі ретінде көрсеткен мұғалімнің басы кесіп алынуынан басталды.
Еске сала кетейік, 2017 жылғы сәуір айында Charli Hebdo сатиралық апталығында Франция президенті Эммануэль Макрон мен оның жұбайы Бриджит Макронды келеке еткен карикатура (суретте) шыққан болатын.
Эммануэль өзінің әйелі Бриджиттен 24 жас кіші. Бриджит Эммануэльдің француз тілінен сабақ берген мұғалімі екен. Екеуі қосылғаннан кейін болашақ президент жұбайының үш баласын өзінің атына аударып алған. Бірақ екеуіне ортақ балалары жоқ.