Таиландта премьерді отставкаға жіберу талап етілді
БАНКГКОК. 20 қыркүйек. Таиланд астанасында наразылық қозғалысына шыққандар корольден премьер-министрді отставкаға жіберіп, монархияны реформа жасауды талап етті. Бұл туралы «Московский комсомолец» хабарлады.
Қарсылық жасаушылар Банкгоктағы Үлкен король сарайы алдындағы Санам Луанг дөңгелек алаңында қалалық полиция бастығына елдің королі Мах Ватчиралогконға арналған мәлімдемені тапсырды.
«Бірлескен Таммасат майданы» басшысы Пханатсайя Ситтхичираваннакун 20 қыркүйек күні мәлімдемені журналистердің және қалалық полиция бастығының қатысуында оқып берді. Шерушілер онда премьер-министр генерал Прают Чан-Оч бастаған үкіметтің отставкаға кетуін, жаңа конституция қабылдануын, сондай-ақ конституциялық арнаға қайта оралу үшін монархияны реформалауды талап етеді.
Қарсылық лидерлері жиналғандарды осыдан кейін үйлеріне қайтуға шақырып, 24 қыркүйекте парламент үйі алдында жоспарлы қарсылық акциясы болатынын хабарлады. Олар соңғы екі күні 80 мыңнан астам адамның қатысуымен өткен ірі акцияның аяқталғанын хабарлады.