Жаңалықтар жаңғырығыҚоғам

Лукашенко жұртты өздерін соққан милицияны кешіруге шақырды

МИНСК. 22 тамыз. Александр Лукашенко бүгін Гроднода өткен өзін жақтаушылардың жиында белорустарға 9 тамыздан кейін наразылық білдірушілерді ұрып-соққан күштік құрылым қызметкерлерін кешіру сұрады. Бұл туралы «Настоящее время» хабарлады.

«Олар – сіздердің адамдарыңыз. Тіпті олар әлдеқандай бір жерде қателесіп кетсе де, кешіріңіздер», – деді ол.

Лукашенко сондай-ақ наразылық қозғалысына қатысушыларды қуып тарату кезінде күштік құрылымдардан зардап шеккендер түсірілген суреттердің 60 пайызы фейк, яғни жалған екенін, олардың бәрінің қолдан құрастырылғанын айтты.

«Осы фейктер барлық уақытта біздің эфирімізді жаулап алып тұр. Қазір интернетте кімдер отыр: олардың 60 пайызы көгерген беттерін көрсетті, 60 пайыз кадр – қойылым. 60 пайыз! Әлі уақыт өтеді, біз сіздерге ненің қалай болғанын асықпай түсіндіріп береміз. Бүгін жұртты көтеріп жібермес үшін ол туралы айтып қажеті жоқ, – деп мәлімдеді ол. – Жақында ОМОН таяқтап тастапты-мыс деген гроднолық қыздың суреті көрсетілді. Сосын бүкіл ел бес күн бойы еңіреп, омоншыларды қарғап-сіледі. Ал шын мәнінде қалай болған?! Қыздың әкесіне рахмет, бір жақсысы, ол ерлік көрсетіп, адалын айтты: сөйтсе, қызын ешқандай ОМОН ұрмаған, бұлар жол-көлік оқиғасына түсіп қалыпты».

Лукашенко бұл жерде де өтірік айтып отыр. Шын мәнінде күштік құрылым сарбаздары қыз ата-анасымен бірге келе жатқан көліктің маңдайша терезесін кеспелтекпен ұрған, сосын машина олардыі «Тигр» деген бронеавтомобиліне барып соққан. Қыздың әкесін осыдан кейін ұстап әкетіп, түні бойы тергеу комитетінде тергеген, ақыр соңында бостандыққа жіберген.

Лукашенко бүгін Гроднода сол сияқты дүйсенбіден бастап барлық ереуіл жасаушы кәсіпорындарды жабуды тапсырғанын айтты. «Егер кәсіпорын жұмыс істемейтін болса, дүйсенбіде қақпасына құлып салып, жауып қоямыз, жұрттың екпіні бсылсын, сосын біз жұмысқа кімдерді шақыратынымыз туралы ойланамыз», – деді ол.

Лукашенко сондай-ақ шекараға арнайы әскер әкеліп қою керектігін де мәлімдеді.

Жалпы, Беларусьте 9 тамыздан бері 7 мыңнан астам адамды күштік құрылымдар қамауға алған. Жүздеген адам аяусыз соққыға жығылды, ондаған адам аурухаанға түсті. Төрт адам күштік құрылымдардың кінәсінен жан тапсырды. Бұлардың төртіншісі – музей директорының өлігі орманнан табылды. Сол сияқты 90-нан астам адам жоғалып кетті.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button