«Қайсардың» 25 футболшысы вирус жұқтырып алды
ҚЫЗЫЛОРДА. 29 маусым. «Қайсар» футбол клубының 25 ойыншысынан коронавирус инфекциясы табылды. Бұл туралы Sports.kz хабарлады.
Команданың бас жаттықтырушысы Стойчо Младеновтың айтуынша, клуб ойыншылары арасында коронавирус жұқтыру оқиғасы тіркелген.
«Қайсардың» 10 ойыншысы тапсырған анализден коронавирус бар екені анықталды. Егер клубтың резерв тобы – «Байқоңыр» жастар командасындағы футболшыларды қоссақ, вирус жұқтырғандардың жалпы сырқаттанғандар саны 25-ке жетеді. Мен және жаттықтырушылар штабының өкілдері, сонымен қатар Болгариядан келген Александар Колевтің вирусқа тапсырған анализдері теріс нәтиже көрсетті», – деді Младенов.
Сонымен қатар, бас жаттықтырушы «Қайсардың» 1 шілдеге жоспарланған ойыны өтер-өтпесін білмей отыр.
«Жаттығуды тоқтаттық, шешім күтіп отырмыз», – деді ол.
Еске сала кетейік, «Қайсар» Қазақстан чемпионатының 1 шілде күні ойналуға тиісті кезекті турында «Таразбен» кездесуі тиіс болатын.