22 Қараша, 17:11
RAST.kz
USD USD 455 ₸
EUR EUR 498.77 ₸
RUB RUB 5.56 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

МӘМІЛЕГЕРЛІК МҰХИТЫ

(Араб тілімен қауышу)

4 Қараша 2026 08:04
- Жаңалықтар, Таным
МӘМІЛЕГЕРЛІК МҰХИТЫ
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

Бұл әулеттен бір емес, бірнеше ғалым шыққан. Жалпы, Салқынбайдың салқынқанды ұрпақтары шетінен ізденімпаз, қай-қайсысы да бір нәрсені қолға алса, түбіне жетпей тынбайды. Мәселен, Анар Салқынбай – филология ғылымдарының докторы, профессор, еліміздегі танымал лингвистердің бірі. Қатарласпыз. Қанаттаспыз. Құрдаспыз. Зейнолла Салқынбаев – әдебиеттанушы, филология ғылымдарының кандидаты. Танимыз. Тұғырласпыз. Тілеулеспіз. Ал Мұхит (Мұхиддин) Салқынбаев – белгілі шығыстанушы ғалым. КазГУ-дің түлегі. Араб тілінің маманы. Әдебиет және өнер институтында аспирантурада оқыды. Ол бұл ғылыми мекемеге сол жылы оқу бітірген курстастарымен бірге келді. Әдебиеттанудың майын ішкен марғасқалардың мектебінен өтті. Жиырмасыншы ғасырдағы қазақ-араб әдеби байланыстарын зерттеп, кандидаттық диссертация қорғады. Содан соң өзі оқыған университеттің шығыстану факультетінде бірнеше жыл дәріс берді. Араб тілі кафедрасының меңгерушісі болды. Ғылыми ізденістерін де жүйелі жалғастырды. Миллиондарды тамсандырған «Мың бір түннің» тылсымына ден қойды, тамыры тереңде жатқан «Кәлила мен Димнаның» бастау-бұлағына үңілді.

Қысқасы, Қазақ еліндегі шығыстану ғылымының тү­тіні түзу ұшуына елеулі үлес қосты. Ғылыми жетекшісі ретінде біз де оның жетістікке жеткенін көргенде ептеп қана қуанып қоямыз. Мінезі жайлы. Ұстамды. Сабыр сақтай біледі. Яғни, Мұзды мұхит емес, мұзсыз Мұхит! Сонымен қатар бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында да медиаменеджер Мұхиттың қолтаңбасы қалды. «Қазақ газеттері» ақпарат компаниясы басшы­сының орынбасары, «Ақиқат» журналының бас редак­торы болды.

Кейінгі жылдары мемлекеттік қызметке келді. Жеті жыл бойы Президенттің Баспасөз қызметінде тер төкті. Ел өміріндегі елеулі оқиғалардың басы-қасында жүрді. Бас кеңсенің жұмысына Мұхиттың сіңірген еңбегі зор. Несі бар, ғылыми ой-тұжырымға бейім жігіттер бұл салаға да қажет.

*  *  *

Осынау күндері Мұхиттың маңайында көл-көсір қуаныш болып жатыр. Төрт-бес күн бұрын жаңа қызметке ауысты. Ендігі жұмысын Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшілігінде жалғастырады. Елшіліктің су жаңа кеңесшісі алты-жеті жыл армандай аңсаған араб тілімен қайта қауышты. Шығыстану факультетінде дәріс берген ұстаздарының үмітін ақтауға ден қойды. Сондай-ақ, Астанадан Абу-Дабиге аттанар алдында Мемлекет басшысының жарлығымен «Құрмет» ордені­мен марапатталды. Еліміздің бас баспасөз қызметі оның басына бақ қондырды. Сөйтіп, Мұхит кенересінен асып төгіліп жатыр. Амандық тілейміз! Дипломатия саласындағы қадамдарың сәтті болсын! Әлі де талай елдің топырағына табаның тисін! Ілияс Есенберлин «Мұхиттан өткен қайық» деп толғаса, біз «Мұхиттан өткен мұхит» деп тақым қысып отырайық. Білім де, ғылым да, елтану да бір-бір мұхит емес пе?! Солай ғой, Мұхиддин?

Ендеше, ел мен елді етене ететін мәмілегерлік мұхитында да жақсылап бір жүзіп көр!

Бауыржан ОМАРҰЛЫ

2024 жыл

«Шағала» жинағынан

Таңбалар: Мұхиддин Салқынбаевоқымыстылар отбасыталап

Ұқсас мақалалар

Қазақстанда тамақтан улану жағдайлары төрт есеге дейін азайды
Әлеумет

Қазақстанда тамақтан улану жағдайлары төрт есеге дейін азайды

14.08.2026
Үш министрлік Қазақстандағы көші-қон саясатын қатаңдатуға кірісті
Әлеумет

Үш министрлік Қазақстандағы көші-қон саясатын қатаңдатуға кірісті

10.07.2026
Зеленський Лукашенканың ретрансляторларды ажыратқанын айтты
Жаңалықтар

Зеленський Лукашенканың ретрансляторларды ажыратқанын айтты

25.06.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Нұрлан Әбдіров Қызылорда облысындағы сайлауға дайындық барысымен танысты

    Нұрлан Әбдіров Қызылорда облысындағы сайлауға дайындық барысымен танысты

  • Жаңа дәуір жастары: білім, жасампаздық, жауапкершілік

  • Жасөспірім қыздардың қауіпсіздігі мен денсаулығы мәселесі – қоғам назарында

  • Әлеуметтік тұрақтылық пен еңбек қауіпсіздігі басты назарда тұруы тиіс

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 455 ₸
EUR EUR 498.77 ₸
RUB RUB 5.56 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist