НАГОЯ. 29 қыркүйек. Жапонның Нагоя қаласында өтіп жатқан Азия ойындары кезінде қазақстандық журналист пен Геннадий Головкиннің арасында жанжал туып кетті. Бұл туралы rast.kz хабарлайды.
Қазақстандық журналист Аслан Каженов Қазақстан Ұлттық олимпиялық комитетінің және World Boxing ұйымының президенті Геннадий Головкинмен қалай одағайласып қалғанын Инстаграмда өзі жазды. Ол бұған дейін Головкинді ешқашан сынап көрмегенін, оған үлкен құрметпен қарап келгенін атап өтті.
«Ашуын менен алды. Бұған дейін Геннадий Головкин туралы бір негатив жазбадым. Керісінше, құрметім ерекше болатын. Бүгін нөлге түсті», – деп жазды Аслан Каженов.
Бұған Геннадийдің өзі себепші болған екен.
«Бокс сессиясынан кейін амандасып жатсам, «бесстыйжый» дейді. Даңқты чемпион шығарсың. Бірақ адам болып қалу керек», – деді одан әрі журналист.
«Біз бұнда жүрген қаямбас емеспіз. Бір елдің атынан келген соң, сол елдің мүддесі үшін күйіп-пісіп, сол елдің спортшылармен бірге қуанып, бірге мұңайып жүрген бір қазақтың баласымын. Бізде де намыс бар. Бізде де арын бар. Шындықты айттым. Шындықты айтамын. Артыңа кірмеймін. Саған мен туралы кім не дегенін білмеймін. Өсек-аяңға ере бермей, нақты жұмыспен айналыс!», – деп бір түйіп өтті сосын.
Аслан Геннадийге әркімнің өсегін теріп жүре берсей, елге пайдасын тигізетін нақты істермен айналысуға кеңес берді. Ол Азия ойындарында қазақ спортшыларына қарсы жасалып жатқан қиянаттарға тосқауыл қоюға шақырды.
«Викторияның жеңісін қайтар! Ясминаның алтынын қайтар! Басқа да жұмыс жетеді. Өз еліңнен келген қаракөздерге сөзбен атылып, олай мұқата берме! Нақты іспен айналыс!», – деп нақты бағыт берді.
Головкин Нагояда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарына 21 қыркүйекте келіп, боксшылар турнирінің бірінші күніне қатысты.
USD




