АСТАНА. 5 қыркүйек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесіне тағы бірқатар кадрларды тағайындады. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Баймұқашев Қауіпсіздік кеңесі аппаратының басшысы болып тағайындалды.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Қалибекұлы Баймұқашев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі аппаратының басшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», – делінген хабарламада.
Мұрат Қалибекұлы Баймұқашев 1967 жылы 23 мамырда Семей қаласында туған. 1994 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтын, 1998 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ІІМ) Қарағанды жоғары мектебін, 2015 жылы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын үздік бітірген.
Қызмет жолдары:
– 1994-2009 жылдары ішкі істер органдарының кіші, орта және аға басшылығы құрамдарында қызмет еткен.
– 2019 жылғы 10 сәуірде Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары қызметіне тағайындалды.
– 2020 жылдың наурызынан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы қызметін атқарды.
Осы күні Мемлекет басшысының өкімдерімен Нұржан Хажимұратұлы Каджиақбаров – Қауіпсіздік кеңесі аппараты басшысының бірінші орынбасары, Руслан Фатихұлы Жақсылықов – Қауіпсіздік кеңесі аппараты басшысының орынбасары, Геннадий Иванович Зуев Қауіпсіздік кеңесі аппараты басшысының орынбасары болып тағайындалды.
Олардың барлығы бұрынғы атқарған лауазымдарынан босатылды.
USD




