5 Қыркүйек, 14:09
RAST.kz
USD USD 456.56 ₸
EUR EUR 530.52 ₸
RUB RUB 5.28 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Канье Уэст концерті Алматы экономикасына 5 млрд теңге әкелді

5 Қыркүйек 2026 11:19
- Дәулет, Жаңалықтар
Канье Уэст концерті Алматы экономикасына 5 млрд теңге әкелді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АЛМАТЫ. 5 қыркүйек. Алматыдағы Орталық стадионда 15 тамыз күні өткен Канье Уэст концерті жергілікті экономика үшін 5 миллиард теңге көлемінде қаржы түсірген. Бұл туралы Ertenmedia.kz ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

«15 тамызда Алматының Орталық стадионында өткен YE концерті қала экономикасына шамамен 5 млрд теңгелік әсер берген. Ұйымдастырушылардың есебінше, халықаралық шоу туристер ағынын күшейтіп, қонақүй, мейрамхана, көлік және өзге де қалалық сервистерге сұранысты арттырды», – деп жазады Ertenmedia.kz.

Стадионда өткен концертте бос орын болмай, 31 мың адам қатысты. Оның 7,7 мыңы Қазақстанға шетелден арнайы келген көрермендерден құралған. Меймандар Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, БАӘ, АҚШ, Қытай, Ұлыбритания, Германия, Австралия секілді бірқатар мемлекеттерден көбірек болған. Жалпы сол күнгі шоуға кемінде 50 елдің азаматтары келгені айтылады. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, шетелдік көрермендердің 2 мыңға жуығы YE-нің әлемдік турын тұрақты ұдайы қадағалап, әр елдегі бірнеше концертіне қатар қатысып жүрген фанаттар болып шыққан.

Алматы қаласы туризм басқармасының басшысы Ғалия Тоқсейітова концертті биылғы оқиғалық туризмдегі ең ірі шаралардың бірі ретінде бағалады. Оның айтуынша, туристік қызметтерге байқалған жоғары сұраныс халықаралық деңгейдегі ірі мәдени іс-шаралардың қала экономикасына нақты мультипликативтік әсер бере алатынын көрсеткен.

Концертті First Media Group компаниясы Freedom Holding Corp. серіктестігімен ұйымдастырған. Жобаны толық дайындауға толық бір ай уақыт кеткен.

Орталық стадиондағы сахналық және техникалық инфрақұрылым бес тәуліктің ішінде құрастырылды. Ұйымдастырушылар мұны әртістің қазіргі турындағы ең қысқа монтаж мерзімдерінің бірі ретінде атап отыр.

Алматыдағы шоу үшін халықаралық команда жабдығын тасымалдауға бір ірі жүк ұшағы мен жеті еурофура пайдаланылған. Қосымша техника Астана мен Мәскеуден жеткізіліп, Алматыдағы жергілікті жабдықтар да іске қосылды.

Стадионда дыбыс, жарық, проекциялық және сахналық кешендер орнатылды. Трибуналардан тыс аумақта төрт қосымша техникалық мұнара тұрғызылып, дыбыс жүйесі стадионның ішкі периметрі бойынша орналастырылған.

YE командасы үшін 17 шатыр мен сегіз гримерлік бөлмеден тұратын жеке инфрақұрылым жасалды. Мұндай техникалық ауқым концертті өткізуге жұмылдырылған адам санына да әсер етті.

Шоу күні стадионда 4,4 мыңнан астам адам жұмыс істеген. Олардың арасында қауіпсіздік қызметі, полиция, қалалық және медициналық құрылымдар, техникалық әрі өндірістік команда, стадион қызметкерлері, билет операторы мен сервистік персонал болды.

Ұйымдастырушылар келтірген 5 млрд теңгелік экономикалық әсер тек билет сатылымына қатысты емес. Есеп туристердің қонақүйге, тамақтануға, көлікке және қаладағы өзге қызметтерге жұмсаған шығынын да қамтиды.

YE концерті осылайша Алматы үшін музыкалық оқиғамен ғана шектелмей, оқиғалық туризмнің экономикалық әлеуетін көрсеткен ірі жобаға айналды. Шетелдік аудиторияның үлесі мен қонақүйлердің 98 пайызға жуық жүктелуі халықаралық концерттердің қала экономикасына тікелей әсер ете алатынын аңғартты.

Таңбалар: АлматыконцерттабысУэст

Ұқсас мақалалар

Алматыда Энрике Иглесиастың концерті кезінде 2 мың полицей қызмет көрсетеді
Әлеумет

Алматыда Энрике Иглесиастың концерті кезінде 2 мың полицей қызмет көрсетеді

05.09.2026
Алматыда құны 5 млн теңгелік омыртқа оталары тегін жасалады
Әлеумет

Алматыда құны 5 млн теңгелік омыртқа оталары тегін жасалады

22.08.2026
Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық
Жаңалықтар

Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

21.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • «Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

    «Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

  • Тілге тірелген түйсіктер тіні

  • «Бернли» фанаттары «Норвичтен» жеңілістен соң Дастанды қорғауға көшті

  • Дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар сапасын мемлекеттік орган тексереді

  • Башқұрттың «Ватан» батальонының командирі жауыздығы үшін жаза алған жоқ

  • Белгілі журналист, ақын Жоламан Бошалақ өмірден өтті

  • Университетте Қалқабай Әбенов атындағы журналистік шеберлік зертханасы ашылды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 456.56 ₸
EUR EUR 530.52 ₸
RUB RUB 5.28 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist