5 Қыркүйек, 14:09
RAST.kz
USD USD 456.56 ₸
EUR EUR 530.52 ₸
RUB RUB 5.28 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Бүгін елімізде 380 мыңнан аса бүлдіршін мектептің бірінші сыныбына барды

1 Қыркүйек 2026 15:52
- Жаңалықтар, Қайнар
Бүгін елімізде 380 мыңнан аса бүлдіршін мектептің бірінші сыныбына барды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 1 қыркүйек. Бүгін бүкіл Қазақстан бойынша 380 мыңнан астам бүлдіршін мектеп партасына алғаш рет отырды. Бұл туралы Informburo.kz ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

Оқу-ағарту министрлігінің ресми мәліметтеріне сәйкес, жаңа оқу жылында  бірінші сыныпқа барған бүлдіршіндердің 71%-ы қазақ тілінде, 26%-ы орыс тілінде, ал 2,5%-ы өзге тілдерде білім алуды таңдаған.

Бүгін Қазақстандағы 8 мыңға жуық білім беру ұйымында жаңа оқу жылы басталды. Биыл ел бойынша 380 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа қабылданды. Олардың шамамен 296 мыңы мемлекеттік, 23 мыңға жуығы жекеменшік мектептерде білім алады. Қалалық мектептерге 191 мыңға жуық, ауылдық мектептерге шамамен 128 мың бірінші сынып оқушысы қабылданған. Сонымен қатар ерекше білім беру қажеттіліктері бар 4 мыңға жуық бала білім беру ұйымдарына қабылданды.

Биыл бірінші сыныпқа баратын балалар саны бойынша Түркістан облысы көш бастады. Аймақта 50 мыңнан астам бала бірінші мәрте мектеп табалдырығын аттады. Одан кейінгі орындарда Алматы облысы (35 мыңнан астам), Астана қаласында (шамамен 33 мың), Алматы қаласында (31 мыңнан астам), Шымкент қаласында (29 мыңнан астам) тұр.

Жалпы алғанда, биыл Қазақстан бойынша 8 мыңнан астам мектепте 4,1 миллионнан астам оқушы білім алады.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бастауыш сынып оқушыларының оқыту жүйесі өзгерді. Қазір 2-4-сыныптарда бағалаудың жаңа тәсілдері енгізілді. Енді оқушының күнделікті еңбегі, оқу барысындағы ілгерілеуі және алған білімін тәжірибеде қолдана білуі ескерілмек.

Деректерді дендей түссек, Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бүгінде Қазақстанда 8048 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді. Бұл – 2024-2025 оқу жылымен салыстырғанда, 1,6%-ға көп. 2020 жылдан бері елімізде 1200-ден астам жаңа мектеп салынған. Осы кезеңде 1 млн-нан астам жаңа оқушы орны құрылып, үш ауысымда жұмыс істейтін мектептердің саны төрт есеге азайған.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, 2026-2027 оқу жылында Қазақстанда тағы 101 жаңа мектеп салу жоспарланып отыр. Жаңа білім беру нысандары жалпы 59,3 мың оқушыға есептелген. Мектеп құрылысы Арнайы мемлекеттік қор, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры, жергілікті бюджет және жеке инвестициялар есебінен қаржыландырылады.

Таңбалар: бірінші сыныпҚазақстанмектепоқу жылы

Ұқсас мақалалар

Қазақстан фармацевтикасы соңғы үш жылда өндіріс көлемін 37 пайызға арттырды
Әлеумет

Қазақстан фармацевтикасы соңғы үш жылда өндіріс көлемін 37 пайызға арттырды

04.09.2026
Қазақстанда Құрылтай сайлауы күні 657 нәресте дүние есігін ашты
Әлеумет

Қазақстанда Құрылтай сайлауы күні 657 нәресте дүние есігін ашты

24.08.2026
Қазақстан дәрігерлері инфаркт пен инсульттің алдын алу жолдарын ұсынды
Жаңалықтар

Қазақстан дәрігерлері инфаркт пен инсульттің алдын алу жолдарын ұсынды

17.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • «Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

    «Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

  • Тілге тірелген түйсіктер тіні

  • «Бернли» фанаттары «Норвичтен» жеңілістен соң Дастанды қорғауға көшті

  • Дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар сапасын мемлекеттік орган тексереді

  • Башқұрттың «Ватан» батальонының командирі жауыздығы үшін жаза алған жоқ

  • Белгілі журналист, ақын Жоламан Бошалақ өмірден өтті

  • Университетте Қалқабай Әбенов атындағы журналистік шеберлік зертханасы ашылды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 456.56 ₸
EUR EUR 530.52 ₸
RUB RUB 5.28 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist