АСТАНА. 1 қыркүйек. Денсаулық сақтау министрлігі дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасын бағалау құзыретін мемлекеттік органдарға тапсыруға шешім қабылдады. Бұл туралы Zakon.kz ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.
«Денсаулық сақтау министрлігі дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасын бағалау қағидаларына өзгерістер енгізуді көздейтін жоба әзірледі», – делінген хабарламада.
Осыған орай бағалау қағидаларынан дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды нарық бойынша іріктеу тәртібін реттейтін нормаларды алып тастау ұсынылып отыр.
Негізінде, бұл түзету тәуекелге бағдарланған тәсілді ескере отырып, сапасы бақылауға жататын өнімдердің үлгілерін іріктеу өкілеттігін мемлекеттік органға беруге байланысты енгізілмекші.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қолға алынғалы тұрған жоба бірін-бірі қайталайтын құқықтық нормаларды жоюға, мемлекеттік сараптама ұйымы мен мемлекеттік органның өкілеттіктерін нақты ажыратуға, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымы саласындағы мемлекеттік бақылаудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Құжат жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды. Ол 15 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауға түседі.
USD




