5 Қыркүйек, 14:09
RAST.kz
USD USD 456.56 ₸
EUR EUR 530.52 ₸
RUB RUB 5.28 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қазақ тіліне тиісіп, ашық арандатушылыққа барған экс-ресейлік абақтыға жабылды

26 Тамыз 2026 18:00
- Жаңалықтар, Қайнар
Қазақ тіліне тиісіп, ашық арандатушылыққа барған экс-ресейлік абақтыға жабылды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АЛМАТЫ. 26 тамыз. Әлеуметтік желіде қазақ тілі мен қазақтарға тіл тигізіп, ашық арандатушылыққа ұрынған бұрынғы Ресей азаматы сот шешімімен 15 тәулікке қамалды. Бұл туралы Paryz.kz ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

Данил Скуратов есімді экс-ресейлік бұл азамат әлеуметтік желіде қазақ тілі мен қазақтар тарапына кемсітушілік сыңайында боқтық сөздерді боратып, балағатқа бой ұрған. Ол Instagram-дағы парақшасында өзінің жақында ғана Ресейде мобилизацияға ілінгенін, бірақ қазір Қазақстанда тұрып жатқанын жазған. Алайда оның Threads кеңістігінде қалдырған сөздері көпшіліктің қатты қарсылығын туғызды.

«Мен қазақ тілін білмеймін және 39 жыл бойы онсыз да тамаша өмір сүріп келемін», «Мамбеттер мен қонақжайлылық – екеуі екі түрлі ұғым. Соңыра туристер неге жоқ деп таңғалады бұлар», «Қысқасы, әлем қазақ тілінсіз-ақ өте керемет өмір сүріп жатыр», «Қазақ тілін білмейтін жапондар әлемде өте керемет автокөліктер шығаруда. Қазақ тілін білмейтін Apple компаниясы Iphone-дар шығарады. Сендер бір-бірлеріңмен қазақша сөйлеуден басқа ештеңе білмейтін ақымақсыңдар. Қазақ тілін білмейтін шведтер өте керемет мемлекетке айналды. Жауап біреу – ол тіл ешкімге де керек емес», – деп көсілген ол желідегі парақшасында. Мұның бәрін және боқтық сөздерді араластырып, қазақтарды балағаттай отырып жазған.

Осыдан кейін әлеуметтік желі дүр сілкінді. Мұның бәрін жақында еліміздің азаматы атанған адамның қасақана арандатушылық пиғылмен не әлдеқандай бір тапсырыспен жазып отырғаны анық байұалады.

Жұртшылықтың наразылығынан кейін Скуратовтың сөздеріне Алматы полициясы жауап берді. Аталған факті бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы тексеріс жүргізіп, ер адамның жеке басын анықтады.

«Аталған факті бойынша құқық бұзушы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлігі бойынша (ұсақ бұзақылық) әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Материал процессуалдық шешім қабылдау үшін Алматы қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді», – деп жауап берді полиция департаменті.

Кейін Данил Скуратовтың ұсталғаны анықталды. Сот отырысы барысында айыпталушы өз кінәсін мойындап, оны қатаң жазаламауды сұрады. Ол сот шешімімен 15 тәулікке абақтыға жабылды.

Осы жерде тағы бір нәрсе түсініксіз: Қазақ тілі мен қазақ халқын осыншалықты жек көріп, қаралай мансұқ ететін жат пиғылды адамға Қазақстан азаматтығы қалай беріліп жүр? Қазақ тілін білмек тұрмақ, оны мазақ ететін Ресей тұрғыны мемлекеттік тіл жөніндегі сынақтан қалай өтіп кеткен? Бұған қатысты шенеуніктерден кім жауапкершілік сұрайды? Мұндай жексұрынды енді азаматтықтан жедел айырып, байырғы еліне қайтарып жіберуге тағы не кедергі келтіріп отыр?

Біз осы сұрақты жаңадан құрылып жатқан, арғы күні өз жұмысын бастайтын Құрылтай депутаттарының алдына қойғымыз келеді. Елді осылай ашықтан-ашық қорлайтындар қалайша бұл мемлекеттің азаматтығын алып жүре береді?

Таңбалар: Данил Скуратовқазақ тіліқорлау

Ұқсас мақалалар

Бабаларымыз сөйлеген тілді мансұқ ету – барып тұрған надандық
Жаңалықтар

Бабаларымыз сөйлеген тілді мансұқ ету – барып тұрған надандық

18.08.2026
Каньенің концерті үшін қазақ тілінің не кедергісі бар?
Жаңалықтар

Каньенің концерті үшін қазақ тілінің не кедергісі бар?

15.08.2026
Euronews телеарнасы тұңғыш рет қазақ тілінде хабар таратуды бастады
Жаңалықтар

Euronews телеарнасы тұңғыш рет қазақ тілінде хабар таратуды бастады

08.07.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • «Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

    «Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

  • Тілге тірелген түйсіктер тіні

  • «Бернли» фанаттары «Норвичтен» жеңілістен соң Дастанды қорғауға көшті

  • Дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар сапасын мемлекеттік орган тексереді

  • Башқұрттың «Ватан» батальонының командирі жауыздығы үшін жаза алған жоқ

  • Белгілі журналист, ақын Жоламан Бошалақ өмірден өтті

  • Университетте Қалқабай Әбенов атындағы журналистік шеберлік зертханасы ашылды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 456.56 ₸
EUR EUR 530.52 ₸
RUB RUB 5.28 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist