25 Тамыз, 02:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Сүйінші! Қазақстан кадеттер құрамасы дзюдодан әлем чемпионы атанды

24 Тамыз 2026 16:29
- Жаңалықтар, Сайыс
Сүйінші! Қазақстан кадеттер құрамасы дзюдодан әлем чемпионы атанды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ГУАЯКИЛЬ. 24 тамыз. Дзюдодан Қазақстан құрамасы Эквадорда өткен кадет жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының аралас командалық сайысы қорытындысында топ жарып, тарихи жетістікке қол жеткізді. Бұл туралы Inform-sports.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Жерлестеріміз финалда Бразилия құрамасынан 4:3 есебімен басым түсіп, ел тарихында тұңғыш рет кадеттер арасындағы әлем чемпионатының аралас командалық жарысында бірінші орынды жеңіп алды.

Финалдық кездесуде негізгі белдесулерден кейін есеп 3:3 болып аяқталды. Содан кейін жеңімпаз ұжымды белгілеп беретін нысаналы белдесу өтетін салмақ дәрежесі жеребе арқылы анықталды. Сөйтіп, ең соңғы түйін 48 келіге дейінгі салмақ категориясы бойынша бәсекеге түскен қыздар белдесуінің нәтижесі бойынша шешілуге тиісті болды.

Міне, қосымша жекпе-жек түрінде ойналған сынақта Иянат Жұбатқан қарсыласын қапы қалдырып, Қазақстан құрамасына тарихи чемпиондық атақты алып берді.

Финалда Қазақстан намысын Расулхан Ғабит (60 кг), Інжу Жұмажан (63 кг), Бекали Еркін (81 кг), Тоғжан Төлебай (+63 кг), Әділжан Жаудинов (+81 кг) және Иянат Жұбатқан (48 кг) қорғады.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы командалық жарысты Болгарияны 4:1 есебімен жеңуден бастады. Бұдан кейінгі ширек финалда дзюдоның отаны – Жапония елінің құрамасын 4:2 есебімен тізе бүктірді. Ал жартылай финалда қазақстандықтар Өзбекстан құрамасын 4:2 есебімен сүріндірді.

Осылайша, Қазақстан кадет жасөспірімдер құрамасы әлем чемпионатындағы барлық командалық кездесуінде жеңіс билігінен көрініп, алтын медальға қол жеткізді.

Қазақстан дзюдошылары жекелей жарыстарда да жоғары нәтижеге қол артты. Олар чемпионатта 3 алтын, 3 күміс және 4 қола жүлде – барлығы 10 медальді жеңіп алды. Бұл Қазақстан құрамасының кадеттер арасындағы әлем чемпионатында тіркеген рекордтық көрсеткіші болды.

Айта кетейік, әлем чемпионатына 18 жасқа дейінгі әлемнің үздік жас дзюдошылары қатысты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дзюдошыларымызды жастар арасындағы әлем чемпионатында табысты өнер көрсетуімен құттықтады.

Ол Қазақстан құрамасын аралас командалық жарыстағы айтулы жеңісімен, ал Ғабит Расулханды, Фатима Сұпығалиеваны, Әділжан Жаудиновті жекелеген сында алтын медальға ие болуымен құттықтады.

Президент жас чемпиондардың спорттағы жолы жарқын болуына және жаңа биіктерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді.

Кеше кешкісін Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визермен сөйлесті. Ұйым жетекшісі Мемлекет басшысын палуандарымыздың әлемдік жастар турниріндегі бұрын-соңды болмаған бірегей жеңісімен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Туризм және спорт министрлігімен, сондай-ақ ұлттық федерациямен сындарлы ынтымақтастық орнатқаны үшін халықаралық ұйымның басшысына ризашылығын білдіріп, соның нәтижесінде елімізде дзюдо күресі кеңінен дамып келе жатқанына тоқталды.

Таңбалар: әлем чемпионатыдзюдожеңімпазқазақстан құрамасы

Ұқсас мақалалар

Әділжан Жаудинов әлем чемпионатында елімізге үшінші алтын медаль әперді
Жаңалықтар

Әділжан Жаудинов әлем чемпионатында елімізге үшінші алтын медаль әперді

23.08.2026
ФИФА әлем чемпионатының символдық құрамасы құрамын анықтады
Жаңалықтар

ФИФА әлем чемпионатының символдық құрамасы құрамын анықтады

22.07.2026
Англия мундиал қола медалі үшін таласта Францияны ту-талақай етіп ұтты (видео)
Жаңалықтар

Англия мундиал қола медалі үшін таласта Францияны ту-талақай етіп ұтты (видео)

19.07.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist