23 Тамыз, 04:08
RAST.kz
USD USD 456.88 ₸
EUR EUR 534.64 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Көршінің қызы» керемет еді (видео)

FACEBOOK ПАРАҚШАСЫНАН

22 Тамыз 2026 18:34
- Жаңалықтар, Таным
«Көршінің қызы» керемет еді (видео)
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

Белгілі ақын, журналист, айтыскер, ұстаз, ғалым, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Бекжан Әшірбаевтың өмірден өтіп кеткені де кеше бір апта толды. Дүниелік сапарын 14 тамыз күні 52 жасқа қараған шағында толайым аяқтаған талантты бауырымыздың қоғам өмірінде алған орны орасан зор болғанын содан кейінгі күндер анық байқатты. Әлеуметтік желілер аптадан аса уақыт бойы аза күйін шертіп тұрды. Ақиқаты керек, дәл мұндай танымалылық пен тағзымды бастан кешкен қайраткерлер қатары да көп бола қойған жоқ. Мұның бәрі оның халықтың зор ықыласына бөленіп үлгергенін көрсетеді.

Марқұмның туған топырағы – Мырзакент жеріне апарып қойылғаны белгілі. Кеше Алматы қаласында өзі қызмет істеген Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде ректораттың ұйымдастыруымен Бекжанның жетілік асы берілді.

Біз бүгін талантты тұлғаны тағы бір еске алу зиятында оның бір кездері нағыз хитқа айналған, әлі де жұрттың жадынан түспей келе жатқан, сөзі мен әнін бірдей өзі жазған аса танымал әні – «Көршінің қызы» туындысын әлеуметтік желіде жақында жарияланған бірер постымен бірге назарларыңызға ұсынамыз.

***

Белгілі әнші Тоқтар Серіковтың орындауындағы «Көршінің қызы» әнін білмейтін жан жоқ шығар. Бұл сәтті шыққан әндердің бірі. Ол өз орындаушысының бағын ашқан ән.

«Көршінің қызы» әнінің сөзін де, әуенін де белгілі журналист, айтыскер ақын Бекжан Әшірбаев жазған. Бұл әнді Бекжан Әшірбаев студент кезінде жазған екен. Ол әрдайым төс қалтасына диктафон салып жүреді екен. Себебі, әуен аяқ асты келеді. «Көршінің қызы» әнінің әуені де ақынға күтпеген кезде табан асты келген. Әуенін жазып алған соң, Бекжан Әшірбаев кәсіби музыкалық білімі бар таныс-достарына көрсетіп, артық-кем тұстарын түзетіп алған.

Ақын бір сөзінде: «Маған «Көрші қызына ғашық болғансыз ба?» деген сұрақты жиі қояды. Мен көрші қызына ғашық болмасам, оған арнап ән шығарар ма едім?!» деп еді. Қарап отырсақ, әннің шығу тарихы өмірде болған оқиғамен ұштасады.

Кеше Бекжан ағамыздың өмірден өткені туралы қаралы хабар қазақ даласын шарлап кетті. Алла алдынан жарылқасын!

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ

15 тамыз

***

БЕКЖАН ӘШІРБАЕВ:

«Көршінің қызы» әні – 1999 жылы жарыққа шықты. Мені композитор ретінде халыққа танытқан алғашқы туындым. 1994 жылы Қазақстан Жазушылар одағында 25 жасқа дейінгі жас ақындар арасында мүшәйра өтіп, осы өлеңім жүлделі орын иеленген болатын. Кейін барып, қателеспесем, 1995 жылы ән өмірге келді. Мен ол кезде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың студентімін. 5-ші жатақхананың 302-бөлмесінде Әмірхан Балқыбек, Сәндібек Жұбаниязов үшеуміз тұратынбыз.

Жарықтық, Әмірхан ағам Владимир Высоцкийдің, Виктор Цойдың, Игорь Тальковтың және өзіміздің Табылды Досымовтың көп әндерін жатқа білетін, өзіне тән қоңыр даусымен орындап та беретін. «Бекжан, өлең жазғанда іштей бір мақамға салып ал, сонда гармониясы бұзылмай, тұтас дүние шығады», – деп ақылын айтатын.

Бір күні сол Әбекеңе ән шығарғанымды айттым. Тыңдап көрді де: «Жүректі тербейтін ерекше иірімі бар екен. Жүр, 17-ші жатақханадағы Тұрарға барайық, әлгі қызылордалық, баянда жақсы ойнайды, соған әніңді тартқызып көрейік», – деді.

Жылт еткен жақсылыққа, рухани жаңалыққа балаша қуанып, қолдап, демеп отыратын ақмарқа азамат еді ғой, шіркін!

Тұрекеңнің аспабына түскенде, ән тоты құстай түрленіп шыға келді. Содан өзіміздің студенттік ортада орындалып жүрді. Бір күні өнерін, адами болмысын қадір тұтатын ағам, композитор, сырлы лиризмге толы тамаша әндердің авторы Қалдыбек Құрманәлі үйге іздеп келді. Шымкентте бір досының туған күн кешінде «Көршінің қызын» тыңдапты. «Әніңді кәсіби өңдеуге беріп, танымал әншіге орындатсақ хитқа айналғалы тұр», деп желпіндіріп тастады.

Содан алып-ұшып Ұлықпан Жолдасовтың студиясына бардық. Ол ағам әнді ұнатты да, компьютерге жазып алып қалды. Дәл қазір тапсырыстары көп екенін, аранжировка бір айдың көлемінде бітетінін айтты. Бірақ, қызығы сол, Ұлқаң ертесіне таңертең қоңырау шалып тұр. «Кешегі ән мені өзіне бірден иіріп әкетті, әрлеуін аяқтап қойдым, дайын тұр, келіп тыңдап кет», деді. Ән мен әрлеу тамаша үйлесім тауып, таңдаған «көйлегі» өзіне жарасып кетіпті.

Алғашында әнді Саят Медеуовке ұсынсам ба деген ой болған. Бірде ол «Көршінің қызын» ақын досым Жанарбек Әшімжанның орындауында тыңдап, ерекше ұнатқаны бар еді.

Әйтсе де, сол мезетте Саят бауырымның қым-қуыт шаруалары көбейіп кетті де, мен әнді тезірек жарыққа шығарғым келді, сөйтіп, таңдау Тоқтар Серікке түсті. Қателеспеген екенмін, әннің хит болып, бүкіл елге кеңінен таралуында Тоқтар замандасымның үлесі ерекше. Ол әннің, ән оның бағын ашты.

Өскен АЛДАМЖАРОВ

15 тамыз

 

Таңбалар: Бекжан ӘшірбаевКөршінің қызыТоқтар Серіков

Ұқсас мақалалар

Дарынды ақын, талантты сазгер Бекжан Әшірбаев қайтыс болды
Жаңалықтар

Дарынды ақын, талантты сазгер Бекжан Әшірбаев қайтыс болды

14.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Меркіде қайғылы қазаға ұшыраған Мәдинаның ажалы себебі елді шошытты

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Белгілі саясаткер Қашаған кенішіне орай Назарбаевтан жауап алуды талап етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

  • Геннадий Головкин Украина үшін қауіпті кісілер қатарына енгізілді

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 456.88 ₸
EUR EUR 534.64 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist