22 Тамыз, 08:08
RAST.kz
USD USD 456.88 ₸
EUR EUR 534.64 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

19 Тамыз 2026 09:48
- Жаңалықтар, Көзқарас
Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

Путин соғысының бұрыннан ұлты да, географиясы да жоқ, онда тек жаңа құрбандықтарға шексіз қажеттілік қана бар. Оның майданы тек кедейлерді ғана кенеуге салады, ұрыс даласының маңына да жоламайтын байлар бұрынғыдан бетер байлықтарын арттыра түседі. Ресей диірменнің оқпанына тап болған қалпынан шыға алмай, ұнтақтала береді.

Владимир Путиннің өзі әзірге окоптарды алыстан айналып өтіп жүргенде, Ресейдің соғыс машинасы біреуді кедейлігінен тез сатып ала қойып, біреулерді арбап  аранына түсіріп жіберіп, бәрін де иірімге қарай лақтырып тастап, ілгері жылжып кете береді. Бүгінде бұл оқпанға түсіп қалып жатқандар – Ресейдің ұлттық республикасының өрендері. Майдан маңайында орыстар аз. Ертең Мәскеуден мыңдаған шақырым жерлерде тұрып жатқан африкалық зәңгілер осы арбауға алданып қалып, соғыс соқпағына қарай бет алады.

Мәскеуде күні кеше Гана сыртқы істер министрі Сэмюэл Окудзето Аблаква өзінің ресейлік әріптесі Сергей Лавровқа қорқынышты арифметиканы көпшілік алдында жайып салды. Сөйтсек, осы уақытқа дейін Гананың 62 азаматы Украинада қаза тауыпты, тағы 15 адам хабар-ошарсыз кеткен. Осыған байланысты Гана билігі Ресейден өз елі азаматтарын «астыртын арбап алып кетуді» тоқтатуды талап етті. Ал циник Лавров әдеттегідей бұған өзіне тән бюрократиялық формуламен жауап берді. Айтуынша, одардың бәрі де «қаржылық себептермен» соғысқа өздері тіленіп барған көрінеді.

Міне, Путиннің «ұлы державасының» бар сиқы мен сипаты осындай. Екі онжылдықтан бері ресейліктерге мемлекеттің күш-қуаты тасқындап артып, «рухани қаңқасы» нығайып келе жатқанын жыр қылып айтып келе жатқан адам енді елді ақыры Африкадан сарбаздар іздеу қажеттілігіне дейін жеткізіпті. Украина сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, тамыз айының ортасында Ресей Африканың 37 мемлекетінен 3 мыңға жуық азаматты соғысқа жалдап әкеліпті. Олардың кемінде 486-сы көп ұзамай оққа ұшқан. Солардың қатарындағы Гана ең ауыр шығынға ұшыраған елдердің сапында тұр.

Ал Ресейдің ішкі статистикасы бұдан да қорқынышты. Соғыс әсіресе аз санды халықтар мен кедей перифериядан келгендерді өз доңғалағы астына бірден домалатып салып, аяусыз қырып тастап жатыр. «Медиазона» мен Би-би-си радиосы орыс қызметінің есептеулері бойынша Тывада әр мың тұрғыннан – 5,24, Чукоткада – 5, Бурятияда 4,36 адам қаза тапқан. Мұның Мәскеу бойынша көрсеткіші 0,24 адамды ғана құрайды.

Осы цифрлар Кремльдің жалғандыққа толы үгіт-насихатының кез келген сандырағына қарағанда да, әлдеқайда өктем, сенімді, нақты және қаттырақ тұжырымдар айта алады. Мәскеудің тұрғыны үшін бұл соғыс осылай Telegram желісінде ғана сақталып қалуы кәдік. Алайда Тыва немесе Бурятия ауылдары үшін ол майдан даласынан мәйіттері жеткізілген өз боздақтарын жерлеу, қаңырап тұрған бос үйлер және зират басындағы жас жігіттің суреті кейпінде көрініс беріп тұратын болады. Путин «халықтар достығы» туралы әулекі әңгімені әспеттеп жатқанда, Ресейдің аз санды халықтары оның геосаяси амбициясының құнын өз қандарымен төлеп жүр.

Солай, Ресейде жұрттың бәрі бірдей соғыспайды. Біреулер мырыш табытпен оралып жатқанда, ендігі біреулері байыған үстіне байи түседі: UBS банкінің Global Wealth Report 2026 мәліметтері бойынша, Ресейдегі долларлық миллионерлердің саны 2025 жылы 5,2%-ға, яғни 22 мыңға жуық адамға өсіп, жалпы саны 447 мыңға жеткен. Миллиардерлер саны 122 деп бағаланады. Джинидің мүліктік теңсіздік коэффициенті – 0,82. Бұл шын мәнінде әжуа гротеск көрінісі болып шығады: қалыптасқан тәртіп бойынша периферия адамдары майданға жіберіліп тұрады, ал әл-ауқаттары зорлары байлықтарын арттыруды жалғастыра береді.

Бұл картинаның көтеріңкі көңіл күймен аяқтап шығу үшін арнайы Санкт-Петербург қойылған сияқты. Ондағы «Газпром» аренасында 10 және 11 қазан күндері америкалық реппер Канье Уэст шоу-концертін ұсынады. Оның билеттері бағалары ұшып тұр, 106 доллардан 1900 долларға дейін барады. Ең арзан шыпталар сол бойда тез сатылып кетті. Майдан даласында бөгденің билігі үшін ганалықтар, буряттар мен тывалықтар шыбындай қырылып жатқан кезде, мұндағы тоғышар көрермендер үлкен шоуға дайындалып, әрі-сәрілері шығуда. Енді бір секөнтке көзге елестетіп көрейікші: Қарабақ соғысы қайнап жатыр дейік, тап сол тұста Стинг сайтандай сап етіп, Бакыге ұшып келіп, концерт қоюға ниет білдіреді, сол кезде ел байтағының ауқатты жұртшылығы оған қымбат бағаларға билет сатып алып, концерт залының ең алдыңғы қатарларына жайғаса қалады. Бұл не сонда, жабайылық па, надандық па, арсыздық па, әлде осының үшеуі де ме? Жалпы, әзербайжан миллеті ортасында осындай оспадар ойынның орын алуы мүмкін бе өзі? Әлбетте, жоқ. Тіпті ондайды ойға алудың өзі – күпірлік. Міне, осы контрастілі, қарама-қарсы бояулы қайшылықтар түстерінің өзі Путин билігі мен оның мемлекеті моралінің шынайы қалпын дәл сипаттап бере алады.

Бір жерлерде біреудің анасы «қаралы қағаз» алып жатады. Бір жерлерде бір алаяқ соғысқа арбап алуға болатын африкалықты індете іздеп жүреді. Тап сол мезгілде тағы бір адамдар стадионда бір кешін көңілді өткізу үшін 160 мың рублін ойланбай лақтырып тұрады. Соғысты біреулер үшін әлеуметтік тепкішекке, тағы біреулер үшін зиратқа апаратын жолға айналдырып қойған мемлекеттің кескін-келбеті тап осындай сұрқия болады.

Ал осы құрылымның бәрінің үстінде Владимир Путин тұр. Ресейді ұлы державаға айналдыруға уәде еткен, бірақ мұның орнына елде қаңырап қалған селоларды, молаларды көптеп қалдырып бара жатқан, қанды қасапқа тартатын шетелдіктерді жанталаса іздеу жолына түскен, соғысушылар мен баюды жалғастырушылар арасындағы құрдым алшақтығын барған сайын ұлғайтып отырған президент осы!

Путиннің өзі қазір окопта тығылып отырған жоқ. Дрондардың астында да жүрмейді. Сыз басқан блиндажда да емес. Оның тарихи фантазиялары үшін басқалар соғысады, басқалар қырылады. Дәл осы жерде, бәлкім, қазіргі Ресейдің жоғарыдағылар ұлылық жайлы сылдыр сөзді сапыратын, ал төмендегілер күн сайын табыттар санын санаудан жаңылмайтын нағыз ең күңгірт метафорасы көрінетін шығар.

Қасапқана әзірге тоқтаусыз жұмыс істеп тұр, ет тартқыш дүңгіршік айнала береді. Ал қима жасағыш құрылғыны іске қосып қойған адам оның пышақтары жүзінен барған сайын барынша алшақ жүруге ынталы болып отыр.

Максуд САЛИМОВ,

әзербайжан саясаттанушысы.

БАКЫ

Таңбалар: басқыншылық соғысМаксуд СалимовПутин

Ұқсас мақалалар

Келлогг: Трамп Украинадағы соғыстың қашан аяқталатынын айтты
Жаңалықтар

Келлогг: Трамп Украинадағы соғыстың қашан аяқталатынын айтты

25.08.2025
Қытай Ресейдің Украинаға басып кіруін айыптаудан бас тартты
Дәулет

Қытай Ресейдің Украинаға басып кіруін айыптаудан бас тартты

26.02.2023

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Меркіде қайғылы қазаға ұшыраған Мәдинаның ажалы себебі елді шошытты

  • Сатыбалды ақырын Алматыны қазақша сөйлетуді бастаған сияқты

  • Каньенің концерті үшін қазақ тілінің не кедергісі бар?

  • Белгілі саясаткер Қашаған кенішіне орай Назарбаевтан жауап алуды талап етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 456.88 ₸
EUR EUR 534.64 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist