21 Тамыз, 04:08
RAST.kz
USD USD 458.23 ₸
EUR EUR 535.99 ₸
RUB RUB 5.46 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Экс-депутат Бақытжан Базарбек жол апатынан кейін мәлімдеме жасады

17 Тамыз 2026 21:56
- Жаңалықтар, Қайнар
Экс-депутат Бақытжан Базарбек жол апатынан кейін мәлімдеме жасады
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ТАРАЗ. 17 тамыз. Жамбыл облысында болған ауыр жол апатына қатысы бар екені айтылған Мәжілістің бұрынғы депутаты Бақытжан Базарбек алғаш рет өз пікірін білдірді. Бұл туралы Ertenmedia.kz ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

Экс-мәжілісші оқиға кезінде көлікте әйелімен бірге болғанын жанама түрде растап, зардап шеккен азаматтың туыстарымен бірге оның сауығып кетуін тілеп жүргенін мәлімдеді.

Базарбектің сөзінше, жол апатына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталған. Өзі мен жұбайы тергеу деректерін жарияламау жөнінде қолхат бергендіктен, оқиғаның егжей-тегжейін әзірге ашып айта алмайды.

«Тергеу жалғасып жатыр. Қазір қажетті сараптамалардың жүргізілуін күтіп отырмыз. Тергеу органдары болған оқиғаның барлық мән-жайына заң аясында әділ әрі объективті баға береді деп сенемін», – деді ол.

«Мен үшін қазір ең маңыздысы – зардап шеккен адамның туған-туысының жанында болып, қажетті көмек көрсету. Бірнеше тәулік бойы іс жүзінде көз ілмедік. Оның жақындарымен бірге сауығып кетуін тілеп, дұға жасап жүрміз», – деп жазды Бақытжан Базарбек.

Ол шұғыл медициналық көмек көрсеткен аудандық аурухана дәрігерлеріне, Денсаулық сақтау министрлігі мен Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасына алғыс білдірді. Сондай-ақ желіде тараған түрлі болжамға ермей, тергеудің ресми қорытындысын күтуге шақырды.

Жол апаты 15 тамыз күні Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов ауданындағы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тасжолында болған. Полицияның алдын ала мәліметінше, Toyota көлігін басқарған Б. есімді азамат жолдың жүріс бөлігінде тұрған ер адамды қағып кеткен. Зардап шеккен 36 жастағы азамат аудандық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізіліп, жағдайы ауыр деп бағаланған.

Бейресми деректе жолда бұған дейін басқа көлік сиырды қағып кеткені, бірнеше адам малдың өлексесін жол жиегіне шығаруға кіріскен кезде олардың бірін Toyota RAV4 басып кеткені айтылған.

Қазір құқық қорғау органдары жол апатының барлық мән-жайын анықтап жатыр. Оқиғаға қатысты түпкілікті құқықтық баға тергеу қорытындысы бойынша беріледі.

Таңбалар: Бақытжан Базарбекжамбыл облысыжол апаты

Ұқсас мақалалар

Қадыровтың кісі өлімін әкелген апатқа кінәлі ұлы жол полициясынан медаль алды
Әлеумет

Қадыровтың кісі өлімін әкелген апатқа кінәлі ұлы жол полициясынан медаль алды

06.07.2026
Алматыда сұмдық жол апатын жасаған Александр Пак 10 жылға кесілді
Жаңалықтар

Алматыда сұмдық жол апатын жасаған Александр Пак 10 жылға кесілді

24.06.2026
Денсаулық сақтау министрі Таразда аналар өліміне қатысты тапсырма берді
Әлеумет

Денсаулық сақтау министрі Таразда аналар өліміне қатысты тапсырма берді

06.06.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Дарынды ақын, талантты сазгер Бекжан Әшірбаев қайтыс болды

  • Өңеште тұрып қалған қақырықты қалай кетіруге болады?

  • ЖАНКЕШТІ

  • Меркіде қайғылы қазаға ұшыраған Мәдинаның ажалы себебі елді шошытты

  • Севастопольде сүңгуір-теңізші офицерді жарып жіберген ресейлік әйел ұсталды

  • Су мәселесінде қазақ пен өзбектің мүдделері ортақ болуы керек

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.23 ₸
EUR EUR 535.99 ₸
RUB RUB 5.46 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist