22 Тамыз, 06:08
RAST.kz
USD USD 456.88 ₸
EUR EUR 534.64 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Заң мен тәртіп – жастар таңдауы» республикалық пікірсайыс турнирі өтті

18 Тамыз 2026 10:25
- Жаңалықтар, Қайнар
«Заң мен тәртіп – жастар таңдауы» республикалық пікірсайыс турнирі өтті
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚЫЗЫЛОРДА. 18 тамыз. Қызылордада QZO CUP «Заң мен тәртіп – жастар таңдауы» атты республикалық екі күндік пікірсайыс турнирі өз мәресіне жетті. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Турнир «Заң мен тәртіп» қағидатын жастар арасында кеңінен насихаттауға, құқықтық мәдениетті қалыптастыру мен жас ұрпақтың азаматтық белсенділігін арттыруға арналды.

Екі күнге созылған интеллектуалдық додаға еліміздің әр өңірінен келген үздік дебатшылар қатысып, өзара бақ сынады. Турнир барысында қатысушылар білімін, логикалық және сыни ойлау қабілетін, шешендік өнерін, өз ұстанымын дәлелді түрде қорғау және қарсы пікірге сауатты жауап беру дағдыларын көрсетті.

«Заң мен тәртіп» қағидаты – қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды негіздерінің бірі. Осы құндылықтарды жастар арасында дәріптеу бағытында пікірсайыс алаңының маңызы зор. Себебі дебат барысында жастар өз ойын еркін жеткізіп қана қоймай, заңдылықты құрметтеу, азаматтық жауапкершілік және қоғам алдындағы міндеттер туралы пікір алмасуға мүмкіндік алды.

Турнирдің басты ерекшеліктерінің бірі еліміздің әр өңірінен келген жас дебатшылардың бір алаңда бас қосып, тәжірибе алмасуы болды. Әр өңірдің өзіндік дебат мәдениеті, тәжірибесі мен жаңа идеялары ортақ пікірталас алаңында тоғысты.

Жарыс қорытындысы бойынша 1-орынды Тараз қаласы мен Алматы қаласының «Тараз махаббатым» командасы иеленді. 2-орын Түркістан облысының «Бекзат Саттарханов» командасына бұйырса, 3-орынды Алматы облысының «И, Ақұдай» және Қызылорда облысының «Ұйқыбастар» командалары өзара бөлісті.

Жеке номинациялар бойынша «Ең үздік спикер» аталымына Алматы қаласының өкілі Темірлан Есенов лайық деп танылды. «Үздік спикер» номинациясы Шымкент қаласының өкілі Нұрмұхамед Қалқабайға берілді. «Үздік төреші» аталымын Думан Набат иеленсе, «Үздік делегация» аталымы Түркістан облысының еншісіне тиді. Ал «Көрермен көзайымы» номинациясымен Бақдәулет Сейсенбай, Мейрамбек Теңес және Диас Дастанұлы марапатталды.

Республикалық турнир жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылардың пікірталас мәдениетін жетілдіруге, сыни ойлау қабілетін дамытуға және өз көзқарасын нақты дәлелдермен қорғауына мүмкіндік берді.

QZO CUP – жастардың білімін шыңдап, азаматтық ұстанымын қалыптастыратын және «Заң мен тәртіп» қағидатын насихаттайтын маңызды пікірталас алаңына айналды.

Таңбалар: Заң және тәртіпҚызылордапікірталас турниріреспублика

Ұқсас мақалалар

Қызылордада «Creative Battle: Al х Ұлттық өнер» сайысы мәреге жетті
Жаңалықтар

Қызылордада «Creative Battle: Al х Ұлттық өнер» сайысы мәреге жетті

20.08.2026
Қызылордада Жастар күні Open Air концертімен өз мәресіне жетті
Әлеумет

Қызылордада Жастар күні Open Air концертімен өз мәресіне жетті

13.08.2026
Демалыс күндері полиция қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеді
Аймақ

Демалыс күндері полиция қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеді

11.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Өңеште тұрып қалған қақырықты қалай кетіруге болады?

  • Меркіде қайғылы қазаға ұшыраған Мәдинаның ажалы себебі елді шошытты

  • Сатыбалды ақырын Алматыны қазақша сөйлетуді бастаған сияқты

  • Каньенің концерті үшін қазақ тілінің не кедергісі бар?

  • Белгілі саясаткер Қашаған кенішіне орай Назарбаевтан жауап алуды талап етті

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 456.88 ₸
EUR EUR 534.64 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist