АЛМАТЫ. 14 тамыз. Алматыда америкалық әнші, продюсер Канье Уэстің Орталық стадиондағы концерті ертеңге ауыстырылды. Бұл туралы Kazinform ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.
Канье Уэст немесе YE концерті бүгін, 14 тамыз сағат 21:00–де өтуі тиіс еді. Алайда ауқымды шоудың басталуына санаулы минуттар қалған кезде ұйымдастырушылар концерт 1 күнге шегерілгенін хабарлады. Шешім қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында қабылданған.
Еске сала кетейік, жанкүйерлер үшін Орталық стадион есіктері сағат 16:00–ден бастап ашылды. Концертке бірнеше сағат қалғанда Алматыда қатты жауын-шашын орын алды.
Осының және басқа да себептер салдарынан Алматы мен Алматы облысының басым бөлігінде электр жарығы өшіп қалды.
Бұдан кейін Алматының барлық қызметтері күшейтілген режимге көшті.
USD




