21 Тамыз, 04:08
RAST.kz
USD USD 458.23 ₸
EUR EUR 535.99 ₸
RUB RUB 5.46 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қазақстанда тамақтан улану жағдайлары төрт есеге дейін азайды

14 Тамыз 2026 22:02
- Әлеумет, Жаңалықтар
Қазақстанда тамақтан улану жағдайлары төрт есеге дейін азайды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 14 тамыз. Денсаулық сақтау министрлігінің бақылауды күшейтуі нәтижесінде Қазақстанда тамақтан улану жағдайлары төрт есеге дейін кеміп отыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Республикада 2026 жылдың жеті айында білім беру нысандарына байланысты тіркелген тамақтан улану жағдайларының саны төрт есеге төмендеді. Мұндай нәтижеге Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында балалар болатын нысандарға мемлекеттік бақылауды күшейту нәтижесінде қол жеткізілді.

2025 жылдың жеті айында 8 жағдай тіркеліп, 118 бала зардап шеккен болатын. Ал 2026 жылдың осы кезеңінде 2 жағдай ғана орын алып, 13 бала зарарлыққа ұшырауы есепке алынды.

Маңғыстау облысындағы білім беру нысандарында тамақтан уланумен байланысты топтық ауру жағдайларынан кейін мемлекет балалардың денсаулығын сақтауға бағытталған қосымша шаралар кешенін қабылдады.

2025 жылғы 4 желтоқсанда Мемлекет басшысы мемлекет бюджетінен қаржыландырылатын балалар нысандарына мемлекеттік бақылаудың ерекше тәртібін көздейтін Заңға қол қойды. Жаңа тетік 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді.

«Бұл балалар болатын нысандарда санитариялық талаптардың сақталуына бақылауды күшейтуге және ықтимал қауіптерді уақтылы анықтауға мүмкіндік берді», – делінген хабарламада.

2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап білім беру ұйымдарында тамақтану стандарты және бірнеше нұсқадан тұратын үлгілік перспективалық мәзір қолданылып келеді.

Құжаттар балалардың дұрыс әрі теңгерімді тамақтануының заманауи қағидаттарын ескере отырып әзірленеді. Бұл ретте өнімдердің қауіпсіздігіне, оларды сақтау және дайындау жағдайларына ерекше назар аударылады.

«Балалардың қауіпсіздігі – мемлекеттің сөзсіз басымдығы. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін балалар болатын нысандарға бақылауды күшейтіп, мектептегі тамақтануды ұйымдастыруға қойылатын талаптарды арттырып жатырмыз. Біздің міндетіміз – бұзушылықтарға жауап беріп қана қоймай, қауіптердің алдын алу. Баланың сырқаттануының бір ғана жағдайының өзі тексеру жүргізуді және қажетті шараларды қабылдауды талап ететінін айта кету керек», – делінген министрлік нұсқауында.

Санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің өңірлермен және білім беру ұйымдарымен бірлескен жұмысы жалғасуда.

«Балалардың қауіпсіздігі, мектептердің санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы және мектептегі тамақтанудың сапасы мәселелері – Денсаулық сақтау министрлігінің тұрақты бақылауында», – делінген хабарламада.

Таңбалар: балаларминистрлікталаптамақулану

Ұқсас мақалалар

Үш министрлік Қазақстандағы көші-қон саясатын қатаңдатуға кірісті
Әлеумет

Үш министрлік Қазақстандағы көші-қон саясатын қатаңдатуға кірісті

10.07.2026
Зеленський Лукашенканың ретрансляторларды ажыратқанын айтты
Жаңалықтар

Зеленський Лукашенканың ретрансляторларды ажыратқанын айтты

25.06.2026
Бибісара Асаубаева спорт министрлігінің шабуылына қатаң жауап берді
Жаңалықтар

Бибісара Асаубаева спорт министрлігінің шабуылына қатаң жауап берді

11.06.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Дарынды ақын, талантты сазгер Бекжан Әшірбаев қайтыс болды

  • Өңеште тұрып қалған қақырықты қалай кетіруге болады?

  • ЖАНКЕШТІ

  • Меркіде қайғылы қазаға ұшыраған Мәдинаның ажалы себебі елді шошытты

  • Севастопольде сүңгуір-теңізші офицерді жарып жіберген ресейлік әйел ұсталды

  • Су мәселесінде қазақ пен өзбектің мүдделері ортақ болуы керек

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.23 ₸
EUR EUR 535.99 ₸
RUB RUB 5.46 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist