НОВОСБІР. 11 тамыз. Ресей президенті Владимир Путин Новосібірде жұмыс бағдарламасы аяқталғаннан кейін қала тұрғындарымен тілдесті. Бұл туралы «Новые Известия» ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.
«РИА Новости» жаңалықтар агенттігі тілшісі хабарлағандай, мемлекет басшысының кортежі қала көшелерінің бірінде кенет тоқтай қалған, содан соң автомобильден шыққан Путин өзін күтіп тұрған новосібірліктерге сәлем берген. Президент жиналғандармен қысқаша ғана тілдесіп, бірқатарына қол ұсынған.
Қалалықтар сол жерде Путинді жамырай қарсы алып, оған барлық әрекеттері үшін алғыс айтқан, оған зор денсаулық, қажымас қайрат тілеген. Бұған жауап ретінде мемлекет басшысы: «Жақсы күндерде жолыққанша» дегенді айтқан. Әңгімелесу кезінде Путин Ваня есімді баланың тілегін орындап, онымен бірге суретке түскен. Бұдан бөлек, Путин оған жаңа оқу жылында табысқа жетуге тілектестік білдірген.
Мемлекет басшысы Новосібірге 11 тамызға қараған түні ұшып келген болатын.
USD




