БЕРН. 9 тамыз. Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) ұйым басшысы Джанни Инфантиноның беделін түсіру әрекеттері жүріп жатқанына алаңдаушылық білдірді. Бұл туралы Deutsche Welle (DW) ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
ФИФА 8 тамыз күннің кешінде жариялаған мәлімдемесінде ұйым президенті Джанни Инфантиноны қазіргі таңда кері қайтарып алынған халықаралық турнирлерді ішінара жекешелендіру жөніндегі жоспары төңірегінен туындаған жанжалдың қалқасында «бірқатар тұлғалар тарапынан оның беделін түсірудің өзара келісілген, тоқтаусыз жалғасқан әрекеттері жүріп жатқанын» айыптады.
Мұның алдында британның The Telegraph газеті Инфантиноның бұрын өзімен интимдік қатынаста болған УЕФА қызметкерінің қызмет сатысымен көтерілуін қамтамасыз ету үшін өзінің ықпалын пайдаланғанын жазады. Мәтбұғат өз мәнбелерін ашып көрсетпей, бұл қыздың жұмыстан кетер кезінде МВА бизнес-мектебінде оқу үшін ұйымнан 45 фунт стерлинг (53 мың еуро) тұратын төлемнен бөлек, оған қосымша тағы алты саннан тұратын өтемақы да алғанын атап көрсетеді.
Еуропа футбол ассоциациялары одағы (УЕФА) 6 тамыз күні ФИФА-ның әлем чемпионаты мен басқа да футбол турнирлерінің үлестерін жеке инвесторларға сату жоспарынан бас тартқанына қарамастан, ерлер мен әйелдер әлем чемпионаттарына жариялаған бойкоттарын сақтап қалатындарын айғақтады.
УЕФА атап өткендей, басты турнирлерді жеке адамдарға сатудан бас тарту – бойкотты алу үшін бұдан алдын алға қойылған шарттардың бірі ғана. «Ойынның мәнін бүлдіретін мұндай талпыныстардың алдағы уақыттарда ешқашан қайталанбайтынына кепілдік берілуі тиіс еді. Мұндай шарт әлі орындалған жоқ. Бұдан бөлек, УЕФА мәлімдемесінде өзінің ФИФА президентіне деген сенімін жоғалтқанын барынша анық етіп жеткізген болатын. Бұл позиция өзгеріссіз қала береді», – делінген одақ мәлімдемесінде.
USD




