МӘСКЕУ. 6 тамыз. Мәскку мэрі Сергей Собянин РФ экономикасын соғыс жағдайына көшірудің елді біржолата күйреп тынатынын мәлімдеді. Бұл туралы The Moscow Times ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.
Собянин Ресей экономикасын соғыс қардарлығы үшін жұмыс істетуге шақырудың «түкке тұрғысыз нәрсе» екенін айтты.
«Бұл – өмірді өлтіру, қалыпты экономиканы өлтіру – жалпы елді өлтіру деген сөз», – деді ол ТАСС бас директоры Андрей Кондрашовқа 5 тамыз күні «Вести» эфирінде берген сұхбатында.
«Егер бейбіт өмірдің экономикасының өзі болмайтын болса, салық та болмайды, тұрғындардың табысы да болмайды, саяси ахуал мүлде басқаша болады, сонда да біз соғыста табысқа жете алмаймыз», – деп ескертті Собянин.
Оның айтуынша, «осындай қажетсіз, түкке алғысыз әңгімелер» ақыр соңында «қазіргі заманғы экономика, қазіргі заманғы соғыс қалай жүргізілетінін» түсінбейтін жұртты адастырады.
Мәскеу мэрі сол сұхбаттың барысында соңғы айларда дрондардың РФ байтағына шабуылдары саны бірнеше есеге өсіп кеткенін баяндады.
«Тұтастай алғанда, барлық шабуылдар іс жүзінде күн сайын Ресей территориясында жүріп жатыр, ұшқышсыз ұшақтардың үштен екісі Мәскеу тарапына ұшып келуде», – деді Собянин.
Соғыстың бесінші жылында РФ экономикасы қатты шатқаяқтай бастады. Соған қарамастан, мемлекеттік дума депутаттары мен сарапшылар арасында экономиканы соғыс жағдайына бейімдеуге шақыру тыйылмай тұр. Айталық, 4 тамыз күні ресейлік Lenta.ru онлайн-мәтбұғатында РФ мемлекетік думасы экономика саясаты жөніндегі комитеті райысының орынбасары Николай Арефьев Ресей экономикасын жұмылдыру жағдайына жеткізудің «уақыты баяғыда келген» деп мәлімдеді. Бұдан алдын Ресей парламенті қорғаныс комитетінің мүшесі Андрей Колесник «бейбіт тұрғындар арасында шығын болмауы үшін» елді соғыс рельсіне көшіру қажеттілігін баяндаған болатын.
USD




