25 Тамыз, 04:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Зорланғанын айтқан қыздың арызын қараусыз қалдырған полицейге сот үкімі шықты

31 Шілде 2026 18:53
- Жаңалықтар, Қайнар
Зорланғанын айтқан қыздың арызын қараусыз қалдырған полицейге сот үкімі шықты
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ТАЛҒАР. 31 шілде. Талғарда өзінің зорланғанын айтып, арызданған қыздың шағымына жүре қараған полиция қызметкері сот жүзінде жазаға тартылды. Бұл туралы Orda.kz ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты Гүлмира Сембаеваның бүгін полиция қызметкері Мақпал Мұсабайға қатысты сот үкімі жарияланып, оның сот залынан қамауға алынғанын баяндады. Ал онымен бірге айыпты деп танылған келесі полицей – Хамитовқа іздеу жарияланған.

Сот Мақпал Мұсабайды Қылмыстық кодекстің 370-бабы 4-бөлігінің 1-тармағы («Қызметтегі әрекетсіздік») және 362-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы («Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану») бойынша кінәлі деп тапты. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша оған бес жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім жарияланғаннан кейін айыпталушы бірден қамауға алынды. Оған сондай-ақ өмір бойы мемлекеттік қызметте және белгілі бір лауазымдарды атқаруға тыйым салынды. Бұдан бөлек, әскери атағынан, капитан шенінен айырылды.

Ал Хамитовқа қатысты үкімді жариялау 28 шілдеге жоспарланған еді. Алайда ол сотқа келмегендіктен, отырыс кейінге қалдырылған.

Келесі күні сот тергеуі қайта жалғасып, мемлекеттік айыптаушы Хамитовқа қатысты қылмыстық істі жеке өндіріске бөлуді және оған іздеу жариялауды сұраған.

Прокуратураның мәліметінше, 27 шілде күні кешке Хамитов Қазақстаннан шығып, мемлекеттік шекараны кесіп өткен. Алдын ала ақпарат бойынша, Түркияның Анталья қаласына ұшып кеткен.

Осыған орай Хамитовқа қатысты қылмыстық іс жеке өндіріске бөлініп, оған іздеу жарияланды. Сонымен қатар бұлтартпау шарасы сырттай қамауға алу түріне өзгертілді.

«Оған Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 362-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы бойынша айып тағылып отыр. Аталған баптың санкциясы бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді. Сондықтан сот оны кінәлі деп таныған жағдайда, судья осы мерзім шегінде жаза тағайындайды. Оған қатысты іс бойынша сот талқылауы тек ұсталып, сотқа жеткізілгеннен кейін ғана жалғасады. Іс соттың қарауына сол кезде жолданады. Қазіргі уақытта үкім тек Мұсабаеваға қатысты шығарылды»,

деді Гүлмира Сембаева.

Таңбалар: полицейсотүкім

Ұқсас мақалалар

Симоньянға қастандық жасаушылардың алды 20 жылға сотталды
Жаңалықтар

Симоньянға қастандық жасаушылардың алды 20 жылға сотталды

04.07.2026
Шымкентте екі колледжден 1,3 млрд теңге жымқырған 5 адам сотталды
Жаңалықтар

Шымкентте екі колледжден 1,3 млрд теңге жымқырған 5 адам сотталды

03.07.2026
Алматы облысында полицейдің өліміне қатысты тың дерек шықты
Жаңалықтар

Алматы облысында полицейдің өліміне қатысты тың дерек шықты

26.06.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist