18 Қазан, 04:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Бектенов: Ұлы Даланың сан ғасырлық тарихы жалғасы Конституция өресінде бекіді

19 Маусым 2026 23:40
- Жаңалықтар, Қоғам
Бектенов: Ұлы Даланың сан ғасырлық тарихы жалғасы Конституция өресінде бекіді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

САНКТ-ПЕТЕРБУРГ. 19 маусым. Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Санкт-Петербургтегі конференцияда Ұлы Даланың мыңдаған жылдық тарихының сабақтастығы алғаш рет конституциялық деңгейде бекітілгенін мәлімдеді. Бұл туралы Үкімет сайты дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Премьер-министр Санкт-Петербургтегі мәдени байланыстарды нығайту, креативті және шығармашылық индустрияларды дамыту жөніндегі халықаралық конференцияның 18 маусымдағы пленарлық отырысында сөз сөйледі.

Іс-шараға Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин, Беларусь Республикасының Премьер-министрі Александр Турчин, Қырғызстанның Министрлер кабинетінің төрағасы Адылбек Қасымалиев, Тәжікстан Премьер-министрі Кохир Расулзода, Өзбекстан Премьер-министрі Абдулла Арипов, Түрікменстанның білім министрі Джумамырат Гурбангелдиев қатысты.

Олжас Бектенов өз сөзінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путиннің, сондай-ақ Достастыққа мүше барлық елдер көшбасшыларының тікелей қолдауымен және қатысуымен креативті индустриялар мен мәдени байланыстар саласындағы ынтымақтастықты дамыту ТМД-ның күн тәртібіндегі неғұрлым өзекті әрі сұранысқа ие бағыттарының бірі болып қала беретінін атап өтті.

Қазақстан мәдениет пен шығармашылық қызметті қолдауды мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтары деңгейінде бекіте отырып, аталған жұмысқа дамудың стратегиялық бағыты ретінде мән береді.

«Биыл наурыз айында Қазақстанда өткен жалпыұлттық референдум қорытындысы бойынша жаңа Конституция қабылданды, ол 1 шілдеден бастап күшіне енеді. Жаңа Ата заңымыз мемлекеттілікті нығайтуға, «Заң мен Тәртіп» қағидаты негізінде Әділетті және Озық Қазақстанды құруға бағытталған. Ұлы Даланың мыңдаған жылдық тарихының сабақтастығы алғаш рет конституциялық деңгейде бекітілгенін атап өткім келеді», – деді Олжас Абайұлы.

Үкімет басшысы биылғы мамыр айында Астанада өткен «Алтын Орда» дала өркениетінің моделін зерттеуге арналған халықаралық симпозиумның маңызына тоқталды. Әлемнің 20-дан астам елінің тарихшылары мен мәдениеттанушылары қатысқан жиында Ұлы Даланың мыңдаған жылдық тарихының сабақтастығы жайында тереңінен сөз қозғалды. Онда Жошы Ұлысының Қазақ хандығының түпкі атасы болып табылатыны ашып айтылды. Қазақстан Конституциясында осы сабақтастық белгіленіп көрсетілді.

Таңбалар: Олжас БектеновСанкт-ПетербургҰлы дала

Ұқсас мақалалар

Олжас Бектенов: Медициналық ақпараттық жүйелерді біріктіру шаралары жүріп жатыр
Жаңалықтар

Олжас Бектенов: Медициналық ақпараттық жүйелерді біріктіру шаралары жүріп жатыр

11.09.2026
Құрылтай Қариннің – Вице-президент, Бектеновтің Премьер-министр болуларын қолдады
Жаңалықтар

Құрылтай Қариннің – Вице-президент, Бектеновтің Премьер-министр болуларын қолдады

31.08.2026
Премьер Қызылорда облысының активіне жаңа әкімді таныстырды
Жаңалықтар

Премьер Қызылорда облысының активіне жаңа әкімді таныстырды

08.05.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist