25 Тамыз, 16:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Путин Мәскеуге жасалған жойқын дрондар шабуылын елемегендей түр танытты

19 Маусым 2026 20:57
- Жаңалықтар, Жаһан
Путин Мәскеуге жасалған жойқын дрондар шабуылын елемегендей түр танытты
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

МӘСКЕУ. 19 маусым. Ресей президенті Владимир Путин түк болмағандай, Мәскеу мен Мәскеу облысына берілген сұрапыл дрондар соққысы жайлы ләм-мим демей отыр. Бұл туралы The Moscow Times ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Ресей диктаторы соғыс басталғалы бері алғаш рет Мәскеу мен Мәскеу облысында орын алған ұшқышсыз ұшақтардың жойқын жорығын елемеген адам секілді бір тәуліктен астам уақыт бойы үндемеді. Нәтижесінде 17 адам зардап шекті, ұшқышсыз ұшу аппараты тұрғын үйге ұшып кетті, ал Мәскеуде екі сауда орталығы отқа оранып, Капотнадағы мұнай зауытында жарылыс болды.

Шабуыл күні Мәскеу үстіндегі аспан қара түтінге толып, аймақта «мазут жаңбыры» себелеп жатқанда, Путин Қазан қаласында АСЕАН саммитін өткізіп жатты. Ол өз сөзінде «көп полярлы әлемнің» құрылысы, ұлттық валютадағы сауда туралы әңгімеледі, сонымен қатар Бруней сұлтанымен, Шығыс Тимор, Сингапур, Малайзия, Таиланд, Лаос, Камбоджа премьер-министрлерімен және Филиппин көшбасшысымен кездесулер өткізді.

Путин Бруней сұлтанына бірлескен туризмді дамытуға, Камбоджаның премьеріне Ресейде студенттерін оқытуға уәде берді, ал Лаостың премьеріне сыйға тартқан екі пілі үшін алғыс айтты.

Саммит қорытындысы бойынша Путин АҚШ пен Иранның келісіміне түсіндірме берді, «бұл әлемдік азық-түлік пен энергия нарықтарын тұрақтандырады» деп мәлімдеді.

Татарстан басшысы Рустам Миннихановпен кездесуде Путин Еділ бойында жолаушылар тасымалы үшін салынып жатқан «азаматтық мақсаттағы жақсы кемелерді» жоғары бағалады және Татарстан тұрғындарына «жақсы Сабантуй» тіледі.

Жұма күні Путин Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді, онда ол дрондардың шабуылы туралы тағы бір сөз айтпады. «Бүгін бізде Сыртқы істер министрі Сергей Викторович Лавровтың сыртқы саясатымыздың бір бағыты бойынша баяндамасы бар», – деді Путин Қауіпсіздік кеңесін ашып жатып.

Мәскеудегі кешегі қатты соққыны елемей, Путин «тыныштық қалпын» көрсеткісі келді, осылайша жалпы қоғамда украиндар шабуылына қандай көзқарас болуы керек екенін байқатты.

«Бірақ адамдар президенттің үнсіздігін «оның парықсыз екендігінің немесе халықтың азап шегуіне еш қинала қоймайтынының дәлелі ретінде» қабылдады», – деп жазады саясаттанушы Аббас Галлямов.

«Мұндай нәрселерді жасау үшін сізде өте жоғары деңгейдегі сенім болуы керек. Адамдар президенттің бәрін дұрыс түсінетініне және әрдайым шындықты айтатынына сенуі керек. Төрт жылдық әңгімеден кейін «бәрі жоспар бойынша жүріп жатыр» дейтін адамға деген сенімің негізі жоқ», – деп түсіндірді Галлямов.

Таңбалар: Владимир Путиндрондар шабуылыМәскеу

Ұқсас мақалалар

Әскерилер күзде Мәскеуге 2 мың дрон шабуыл жасайтынын айтты
Жаңалықтар

Әскерилер күзде Мәскеуге 2 мың дрон шабуыл жасайтынын айтты

21.08.2026
«Ішкі жаулар Путинге сайлауға дейін соққы берулері әбден ықтимал»
Жаңалықтар

«Ішкі жаулар Путинге сайлауға дейін соққы берулері әбден ықтимал»

11.08.2026
Новосібір тұрғындарынан Путин келіп-кеткенше қозғалысты шектеу талап етілді
Жаңалықтар

Новосібір тұрғындарынан Путин келіп-кеткенше қозғалысты шектеу талап етілді

11.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist