25 Тамыз, 00:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қызылорда облысының әкімі ел ағаларымен кездесіп, ой бөлісті

12 Мамыр 2026 11:04
- Аймақ, Жаңалықтар
Қызылорда облысының әкімі ел ағаларымен кездесіп, ой бөлісті
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚЫЗЫЛОРДА. 12 мамыр. Қызылорда облысының әкімі Мұрат Ергешбаев Қорқыт ата мемориалдық кешенінде ел ағаларымен кездесу өткізді. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Қызылорда облысына әкім болып тағайындалғаннан кейінгі бірінші жұмыс сапарын Қармақшы ауданынан бастаған Мұрат Ергешбаев ежелден бергі қасиетті мекен, күллі түркі дүниесі абыз тұтатын киелі жер – Қорқыт баба мәңгіге дамылдап жатқан аумаққа аялдады. Ол осындағы мемориалдық кешенде Сыр бойының ел ағаларымен, зиялы қауым өкілдерімен және ардақты ардагерлермен кездесті.

 

Аймақ басшысымен кездесуге Қазақстанның Еңбек Ерлері Абзал Ералиев, Имамзада Шағыртаев, облыстық мәслихат төрағасы, мемлекет және қоғам қайраткерлері, облыстық, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағалары қатысты.

Кездесуде аймақ басшысы ақсақалдардың ел бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайтудағы рөліне тоқталып, аға буынның өмірлік тәжірибесі мен ой-пікірлері қашанда маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар, ел ағаларының ұсыныстары мен ақыл-кеңестері әрдайым ескерілетінін жеткізді.

Ардагерлер облыс басшысының алдағы істеріне сәттілік тілеп, алғашқы қадамды жиналыстан емес, киелі орыннан, тағылымды кездесуден бастағанына ризашылық білдірді.

Осы сапар Мұрат Нәлқожаұлы Марал ишан кесенесіне де арнайы ат басын бұрып барып, ондағы атқарылған жұмыстармен және қазіргі жағдайымен танысты.

Айта кететін жайт, Қармақшы ауданының орталығы – Жосалы кентінен шығысқа қарай 18 шақырым жердегі кесененің төлқұжаты облыстық бюджет есебінен жаңартылып, қорғау тақтасы орнатылған. Ол жергілікті маңызы бар микросакралды киелі орындар тізіміне енгізілді. Ал 2018 жылы аудандық бюджет есебінен жаңғыртылып, облыстық бюджет қаржысына 3D форматтағы интерактивті карта әзірленген.

Тағы бір айта кететін нәрсе, 2024 жылы облыстық бюджеттен 252,3 млн теңге бөлініп, 6,5 шақырым «Жалағаш – Жосалы – Марал ишан» автомобиль жолы жөнделген болатын.

 

Таңбалар: ел ағаларыкездесуҚорқыт ата кешеніМұрат Ергешбаев

Ұқсас мақалалар

Қызылорда облысының әкімі Мұрат Ергешбаев Құрылтай сайлауында дауыс берді
Аймақ

Қызылорда облысының әкімі Мұрат Ергешбаев Құрылтай сайлауында дауыс берді

23.08.2026
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Қытайдың Қазақстандағы елшісімен кездесті
Дәулет

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Қытайдың Қазақстандағы елшісімен кездесті

12.08.2026
Абай күніне орай «Абай және қазақ руханияты» тақырыбында іс-шара өтті
Әлеумет

Абай күніне орай «Абай және қазақ руханияты» тақырыбында іс-шара өтті

10.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist