25 Тамыз, 16:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Шойгу Днестр бойы Донбастағыдай етілуі мүмкін екенін мәлімдеді

22 Сәуір 2026 21:51
- Жаңалықтар, Тіршілік
Шойгу Днестр бойы Донбастағыдай етілуі мүмкін екенін мәлімдеді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

МӘСКЕУ. 22 сәуір. Кремль лидерлерінің бірі Сергей Шойгу Донбастағы ахуал Молдовадағы Днестр бойында да қайталануы ақтимал екенін айтып, айбат шекті. Бұл туралы The Moscow Times ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Ресей Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Сергей Шойгу «Комсомольская правда» газетіне берген сұхбатында Молдова билігінің Приднестровьеге қатысты әрекеттерінің 2014 жылдан кейінгі Донбасс айналасындағы оқиғаларға көбірек сәйкес келетінін атап өтті.

Оның айтуынша, Кишинеу Украинаның «қатысуымен» аймаққа «блокада» жасаған, оны «сауда, банк және көлік кедергілеріне» ұшыратып, жергілікті халықтың өмір сүру жағдайларын күрт «нашарлатып» жіберген.

«Бұл қозғалыс еркіндігін шектеуге, заңсыз кедендік баждар салуға, азаматтықтан өз еркімен айыруға алып барды… жағдай, тікелей айтайын, қиын. Жүйе құраушы кәсіпорындар жұмыс істемейді немесе іркіліспен істейді, энергия ресурстарының ұдайы тапшылығы байқалады», – деп атап өтті Шойгу.

Ол «Молдова басшылығының Приднестровьеге қатысты әрекеттері Украина билігінің 2014 жылдан кейінгі Донбасс төңірегіндегі мәлімдемелеріне көбірек ұқсайды» деді.

Осыған орай енді бұлай бола берсе, іске Ресейдің араласатынын айтып қорқытып, республиканы арандап қалудан сақтандырды.

«Днестр бойы автономиясында 220 мыңнан астам Ресей азаматы тұрады, олардың мүдделері мен қауіпсіздігіне Киев пен Кишинеудің ойсыз және жауапсыз әрекеттері қатер төндіреді. Егер қажеттілік туындаса, Ресей барлық тиісті қадамдарды жасайды және оларды қорғау үшін барлық қолжетімді әдістерді қолданады», – деп ашу шақырды Шойгу.

Ол сондай-ақ Молдованы Приднестровьеден Ресей әскерлерінің жедел тобын «ығыстырып» шығаруға тырысты деп айыптады. Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы 17 сәуірде республиканың ресейлік контингент басшылығына нон грате жариялағанын еске салып, командирлерді аймақтан тыс жерлерде жүру мүмкіндігінен айырғанына назар аударды. Шойгудың пікірінше, бұл қадам Кишинеудің «жағдайды одан әрі ушықтыруға ниетті екенін растайды».

«Біз оқиғалар ең жағымсыз сценарий бойынша дамымайды деп үміттенеміз. Приднестровье мәселесін қарулы жолмен шешуге бағытталған кез-келген әрекеттің де, ресейлік бітімгерлерді «Батыс елдерінің контингентімен» алмастыру ниеті де Молдова мен бүкіл аймақ үшін жағымсыз салдарлар тудыратынын барлық деңгейлерде бірнеше рет ескерттік», – деп қорытындылады Шойгу.

Молдованың ТМД-дан шығу туралы шешімін бекіту аясында да бірқатар мәлімдемелер айтылды. Бұған дейін Кремль Еуропамен қарым-қатынас орнату үшін Ресеймен «қарсыласу» бағытын жалғастырса, республиканы «жақсы ештеңе» күтпейтінін айтқан болатын.

2025 жылдың күзінде Молдова 2035 жылға дейін жаңа әскери стратегияны бекітті, онда Ресей Федерациясы «басты қатер» деп аталды.

Таңбалар: қоқан-лоққыМолдоваПриднестровьеСергей Шойгу

Ұқсас мақалалар

Румыния парламентінің төменгі палатасы Молдовамен бірігуді қолдады
Жаңалықтар

Румыния парламентінің төменгі палатасы Молдовамен бірігуді қолдады

26.06.2026
Еуропа одағы Украинамен және Молдовамен келіссөздерді бастады
Дәулет

Еуропа одағы Украинамен және Молдовамен келіссөздерді бастады

13.06.2026
Путин Приднестровье тұрғындарын РФ азаматтары етпекші
Жаңалықтар

Путин Приднестровье тұрғындарын РФ азаматтары етпекші

16.05.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist