18 Қазан, 03:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қызылорда өңірінде «Көктем-2026» жаттығуы өткізілуде

26 Ақпан 2026 17:43
- Аймақ, Жаңалықтар
Қызылорда өңірінде «Көктем-2026» жаттығуы өткізілуде
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚЫЗЫЛОРДА. 26 ақпан. Қызылорда облысында «Көктем-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы жүріп жатыр. Бұл туралы Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Оқу-жаттығу жиыны 25-27 ақпан күндерін қамтиды. Ол «2026 жылғы көктемгі су тасқыны кезеңіне төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік кіші жүйесінің басқару органдарын, күш-құралдарын дайындау» тақырыбы бойынша қанат жайды. Мақсат көктемдегі төтенше жағдайды жоюға азаматтық қорғау қызметтерінің, құрылымдарының әзірлігін тексеру болып табылады.

​Оқу-жаттығудың бірінші күні, 25 ақпанда Қызылорда облысы ТЖД дағдарыс орталығында облысы әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналиновтың төрағалығымен жиын өткізілді. Оған өңірдегі азаматтық қорғау қызметтерінің өкілдері қатысып, оқу-жаттығуға дайындықтары туралы есеп берді.

26 ақпанда Қызылорда қаласындағы «Сол жағалау» шағын ауданындағы «Qaysar Arena» жанында күш-құралдарды саптық қарау кезеңі өткізілді. Оған ТЖД, облыстық денсаулық сақтау басқармасы, облыстық ветеринария басқармасы, №5547 әскери бөлімі, қалалық полиция басқармасы, «Қазақтелеком» АҚ филиалы, құрылыс бөлімі, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі, қоғамдық даму бөлімі, білім бөлімі, кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі, электр тарату торабы компаниясы қатысты. Аталмыш мекенжайдағы саптық қарауға барлығы 210 адам, 60 техника қатысты.

Одан соң Талсуат елді мекенінде оқу-жаттығудың практикалық кезеңі ұйымдастырылды. Практикалық кезеңнің басты бағыты қорғаныс бөгеттерін нығайту, тұрғындарды эвакуациялау, қабылдау-жинақтау пункттерін тексеру болды. Аудандарда да аталмыш практикалық кезең өткізілді.

Оқу-жаттығудың шарты бойынша ТЖД жедел кезекшісіне – «112» телефонына елді мекеннің тұрғынынан Талсуат елді мекенінде Сырдария өзенінің оң жаға қорғаныс бөгетінен су асып, елді мекенге қарай тасып жатқаны, 25 үйді су басқандығы туралы хабарлама келді.

Нәтижесінде «Талсуат» ауылының 115 тұрғын қауіпсіз аймаққа көшірілді. Олар эвакуациялық жинақтау-қабылдау пункттеріне жеткізіліп, тиісті көмектер көрсетілді. Жалпы оқу-жаттығу барысында азаматтық қорғау қызметтері өздеріне жүктелген міндеттерді нәтижелі атқарды.

Оқу-жаттығудың практикалық кезеңіне барлығы 126 адам, 32 техника жұмылдырылды.

Таңбалар: дайындықҚызылорда облысысу тасқыны

Ұқсас мақалалар

Берлиннің төрінде Сыр өңірі өнерінің хас шеберлері өнер көрсетті
Әлеумет

Берлиннің төрінде Сыр өңірі өнерінің хас шеберлері өнер көрсетті

15.10.2026
Сарыарқа төрінде – Сыр бойының азық-түлік өнімдері мен жеміс-жидектері
Аймақ

Сарыарқа төрінде – Сыр бойының азық-түлік өнімдері мен жеміс-жидектері

15.09.2026
Астана аумағында – Қызылорда облысының ауылшаруашылық өнімдері
Дәулет

Астана аумағында – Қызылорда облысының ауылшаруашылық өнімдері

15.09.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist