11 Қараша, 15:11
RAST.kz
USD USD 447.52 ₸
EUR EUR 502.21 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Волонтерлер Арал теңізінің ұлтанына сексеуіл егу акциясына қатысты

23 Қазан 2026 11:24
- Аймақ, Жаңалықтар
Волонтерлер Арал теңізінің ұлтанына сексеуіл егу акциясына қатысты
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚЫЗЫЛОРДА. 23 қазан. Бүгін «Green Aral: Volunteers For Life 2026» халықаралық волонтерлер апталығы аясында Арал теңізінің бұрынғы табанына сексеуіл егу акциясы ұйымдастырылды. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Игі шараға облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Руслан Каюпов, Өзбекстан, Қырғызстан және еліміздің барлық өңірінен жиналған 100 волонтер қатысты. Олар табиғатты қорғау бастамасына үн қосып, 500 түп сексеуіл екті.

«Бір кездері айдыны шалқып, ақ шағаласы қалықтаған Арал теңізінің тағдыры бүгінде әлем жұртшылығын толғандырған өзекті экологиялық мәселелердің бірі. Теңіз деңгейінің төмендеуі салдарынан қалыптасқан экологиялық ахуалды жақсарту, тұзды шаңның таралуын азайту және табиғи ортаны қалпына келтіру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Бұл ретте сексеуіл егу – шөлейттенуге қарсы күрестің маңызды тетігі», – делінген хабарламада.

Теңіз табанына егілген әрбір сексеуіл – қоршаған ортаны қорғауға бағытталған нақты әрекеттің көрінісі. Тамырын тереңге жайып, құмды бекітетін бұл өсімдік тұзды шаңның таралуын тежеуге, құм көшкінін бәсеңдетуге және табиғи тепе-теңдікті сақтауға ықпал етеді. Сондықтан мұндай бастамалар Арал өңірінің экологиялық жағдайын жақсартуда айрықша маңызға ие.

Арал теңізінің бұрынғы ұлтаны аумағында орман алқаптарын қалыптастыру жұмыстары бірнеше жылдан бері кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. 2021 жылға дейін Қазақстан аумағында 192,8 мың гектар жер игерілген. Оның ішінде 1991–2020 жылдары облыстық бюджет есебінен 119,7 мың гектар аумаққа сексеуіл егілді.

Сонымен қатар халықаралық ұйымдар мен серіктестердің қолдауымен де ауқымды жұмыстар атқарылды. Халықаралық Аралды құтқару қорының қаражаты есебінен 1,1 мың гектарға, Германия ынтымақтастық ұйымының қолдауымен 1,3 мың гектарға, Қазақстан мен Дүниежүзілік банктің қаржысы есебінен 57,4 мың гектарға, ал Оңтүстік Кореяның қайтарымсыз қаржысы есебінен 13,3 мың гектарға орман отырғызылды.

Мемлекет басшысының бес жыл ішінде Арал теңізінің ұлтанына сексеуіл егу жөніндегі тапсырмасына сәйкес, 2021–2026 жылдары 1,1 миллион гектар алқапта фитомелиорациялық жұмыстар жүргізілді. Бұл – өңірдегі экологиялық ахуалды жақсартуға, шөлейттену үдерісін тежеуге және табиғи ортаны қалпына келтіруге бағытталған маңызды қадам.

Таңбалар: акцияАрал табанысексеуіл егу

Ұқсас мақалалар

«Таза Қазақстан»: Слет делегаттары «Президент саябағында тал егуге қатысты
Аймақ

«Таза Қазақстан»: Слет делегаттары «Президент саябағында тал егуге қатысты

19.10.2026
Қызылордада «Таза қала – ортақ жауапкершілік» экологиялық акциясы өтті
Әлеумет

Қызылордада «Таза қала – ортақ жауапкершілік» экологиялық акциясы өтті

25.06.2026
Қызылордада «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы қанат жайды
Аймақ

Қызылордада «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы қанат жайды

06.06.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • СЫРБАЗ

    СЫРБАЗ

  • Қызылордада Сахи Романовтың 100 жылдығына орай өткен суретшілер симпозиумы аяқталды

  • АРАЛ, НҰРТУҒАН, НЕГИМОВ ЖӘНЕ АМАНЖОЛ…

  • Трампты қандай тағдыр күтіп тұр?

  • Сырдария ауданында жүгері кептіру мен сақтау кешені пайдалануға берілді

  • Қызылордада Президент Жолдауын түсіндіру ақпараттық тобы бірнеше кездесу өткізді

  • Нейрохирургтер сирек ми патологиясы бар балаға бірегей операция жасады

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 447.52 ₸
EUR EUR 502.21 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist