24 Қараша, 20:11
RAST.kz
USD USD 458.28 ₸
EUR EUR 501.45 ₸
RUB RUB 5.59 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Таза Қазақстан»: Слет делегаттары «Президент саябағында тал егуге қатысты

19 Қазан 2026 22:43
- Аймақ, Жаңалықтар
«Таза Қазақстан»: Слет делегаттары «Президент саябағында тал егуге қатысты
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚЫЗЫЛОРДА. 19 қазан. Қызылорда қаласында өтіп жатқан «Kzo Camp: One Community» республикалық слетіне қатысушылар «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында Президент саябағында тал егу акциясына үлес қосты. Қызылорда облысы қоғамдық даму басқармасының дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

«Green Aral: Volunteers For Life 2026» халықаралық волонтерлер апталығының ашылу салтанатынан кейін ұйымдастырылған экологиялық шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясында өтті.

Бастаманың негізгі мақсаты – табиғатқа жанашырлықпен қарау мәдениетін қалыптастырып, әрбір азаматтың қоршаған орта алдындағы жауапкершілігін арттыру.

Игі бастамаға Мәдениет және ақпарат министрлігі азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары Тоғжан Зейденова, Қазақстан Халық кеңесінің мүшелері Вера Ким мен Жанар Бимұратқызы, облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Руслан Каюпов, сондай-ақ Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстанның 10 өңірінен келген 100 волонтер қатысты.

Акция аясында қатысушылар Президент саябағына тал көшеттерін отырғызып, қаланы көгалдандыруға және оның жасыл желегін молайтуға үлес қосты. Іс-шара табиғатты аялау мәдениетін қалыптастыруға, волонтерлерді ортақ игі іске жұмылдыруға және қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыруға бағытталды.

Айта кету қажет, «Kzo Camp: One Community» республикалық волонтерлер слеті еліміздің әр өңірінен және көршілес мемлекеттерден келген еріктілердің басын қосып, тәжірибе алмасуына, ортақ жобаларды талқылауына және жаңа бастамаларды жүзеге асыруына мүмкіндік береді.

Ал «Таза Қазақстан» бастамасы аясында ұйымдастырылған мұндай экологиялық шаралар азаматтарды қоршаған ортаны қорғауға жұмылдырып, елді мекендердің көркеюіне және экологиялық жауапкершілігі жоғары қоғам қалыптастыруға ықпал етеді.

Экологиялық акциядан кейін слетке қатысушылар Қызылорда қаласының көрікті орындарын аралады.

Атап айтқанда, волонтерлер Ботаникалық бақта болып, облыстық тарихи-өлкетану музейінің экспозицияларымен танысты және «Қайсар Арена» стадионын тамашалады.

Танымдық экскурсия қатысушыларға Сыр өңірінің табиғи және мәдени мұрасымен танысып, қаланың сәулеттік келбеті мен заманауи инфрақұрылымын көруге мүмкіндік берді.

Таңбалар: акцияҚызылордаслеттал егу

Ұқсас мақалалар

Қызылорда: облыс әкімі қала тұрғындары үшін жеке қабылдау өткізді
Аймақ

Қызылорда: облыс әкімі қала тұрғындары үшін жеке қабылдау өткізді

23.11.2026
Нұрлан Әбдіров Қызылорда облысындағы сайлауға дайындық барысымен танысты
Жаңалықтар

Нұрлан Әбдіров Қызылорда облысындағы сайлауға дайындық барысымен танысты

19.11.2026
Әлеуметтік тұрақтылық пен еңбек қауіпсіздігі басты назарда тұруы тиіс
Жаңалықтар

Әлеуметтік тұрақтылық пен еңбек қауіпсіздігі басты назарда тұруы тиіс

16.11.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Нұрлан Әбдіров Қызылорда облысындағы сайлауға дайындық барысымен танысты

    Нұрлан Әбдіров Қызылорда облысындағы сайлауға дайындық барысымен танысты

  • Қызылорда: облыс әкімі қала тұрғындары үшін жеке қабылдау өткізді

  • Жаңа дәуір жастары: білім, жасампаздық, жауапкершілік

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.28 ₸
EUR EUR 501.45 ₸
RUB RUB 5.59 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist