25 Тамыз, 07:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен уағдаластыққа қол жетті·

23 Қыркүйек 2025 21:12
- Әлеумет, Жаңалықтар
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен уағдаластыққа қол жетті·
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

НЬЮ-ЙОРК. 23 қыркүйек. Қазақстан Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова АҚШ-қа сапары барысында Дүниежүзілік денсаулық сақтау (ДДҰ) ұйымымен сала бойынша келісімге келді. Бұл туралы өз мәнбесіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йорктегі америкалық бизнес өкілдерімен кездесулері шеңберінде Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Pfizer, General Electric және басқа да жетекші әлемдік компаниялардың басшыларымен өткен келіссөздерге қатысты. Оларда еліміздің денсаулық сақтау саласына халықаралық тәжірибе мен инвестицияларды тарту, барлық белгіленген бағыттар бойынша әріптестікті арттыру мәселесі талқыланды.

Министр сондай-ақ, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) өңірлік кеңсесінің директоры Ханс Клюгемен кездесу өткізді, оның барысында елдердің МСАК бойынша құрылған коалициясы шеңберінде ынтымақтастықты күшейту және ұлттық денсаулық сақтау жүйелеріне үздік практикаларды енгізу туралы маңызды уағдаластықтарға қол жеткізілді.

Қазақстан Президентінің Коалиция құру жөніндегі бастамасын іске асыру аясында хатшылық жұмысын ұйымдастыру мәселесі талқылануда. Осыған байланысты халықаралық сарапшылардың, мамандардың және жастардың қатысуымен жұмыс тобын құру ұсынылды.

Климаттың халық денсаулығына, оның ішінде Арал теңізінің құрғауына байланысты әсері мәселесі ерекше назар аударуға тұрарлық. Мұнда доктор Клюге Әлназаровамен бірге Қазақстан мен Өзбекстан аумағындағы Арал теңізінің жойылып кетуінің денсаулық пен қоршаған ортаға әсерін бағалау туралы ортақ пікірге қол жеткізді.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы және ДДҰ Денсаулық сақтау министрліктерініңиарасында үшжақты меморандум жобасын әзірлеу басталды.

«Біз үшін ДДҰ-ның Қызылорда қаласында Арал теңізі мәселелері жөніндегі кеңсесін ашу бастамасы ерекше маңызды болып табылады, оны біз толығымен қолдаймыз. – деп жазды осыған орай Ақмарал Әлназарова өзінің Facebook-тегі парақшасында. – БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдардың қолдауымен Арал теңізінің экожүйесін қалпына келтіру бойынша шаралар кешені, соның ішінде көгалдандыру, суаруды қалпына келтіру жобалары, сондай-ақ ауыз судың сапасын жақсарту бойынша күш-жігер жүргізілуде».

Бұдан басқа, ДДҰ-ның туберкулез мәселелері жөніндегі бөлімшесін (Копенгаген қ.) Алматыда инфекциялық аурулар ұлттық ғылыми зерттеу орталығының базасында ауыстыру жоспарланып отыр.

Көтерілген тақырыптар инновацияға, қолжетімділікке және халықаралық ынтымақтастыққа баса назар аудара отырып, Қазақстанның денсаулық сақтау және қоршаған ортаны қорғау жүйесін орнықты дамытуға деген ұмтылысын көрсетеді.

Таңбалар: ДДҰденсаулық сақтаукелісім

Ұқсас мақалалар

Денсаулық сақтауды цифрландыру үдерісі өзінің оң нәтижелерін беріп жатыр
Жаңалықтар

Денсаулық сақтауды цифрландыру үдерісі өзінің оң нәтижелерін беріп жатыр

21.08.2026
Министр Астана емханаларындағы реформалар барысын бағалады
Әлеумет

Министр Астана емханаларындағы реформалар барысын бағалады

08.06.2026
Ресейден аулақтай бастаған Армения АҚШ-пен тез тіл табысуға кірісті
Әлеумет

Ресейден аулақтай бастаған Армения АҚШ-пен тез тіл табысуға кірісті

26.05.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist