25 Тамыз, 15:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Камчаткадағы Седанка селосында еркек қалған жоқ, бәрі соғыста

5 Тамыз 2025 18:34
- Аймақ, Жаңалықтар
Камчаткадағы Седанка селосында еркек қалған жоқ, бәрі соғыста
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ПЕТРОПАВЛОВСК-КАМЧАТСК. 5 тамыз. Ресейдің Камчатка түбегіндегі Седанка деген елді мекенінде бірде-бір еркеккіндікті қалмапты, себебі бәрі әскер қатарына алынған екен. Бұл туралы «Новая газета Европа» ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Аталмыш селоның 224 тұрғынының 39-ы майданға аттанған. Онда шын мәнінде еркек атаулы қалмаған. Село тұрғындары түгел әйелдер мен жас балалардан, сондай-ақ бірлі-жарым қарт кісілерден құралған.

Камчаткадағы Тагиль округінің Седанка елді мекені Ресейде бірінші болып «Жауынгерлік даңқ селосы» атағын алғалы жатқан сияқты. Өлке губернаторы Владимир Солодовтың айтуынша, ол бұған «арнайы операцияға сіңірген ерекше еңбегі үшін» қол жеткізбек көрінеді.

«Шағын ғана елді мекеннен 39 ер кісі Отанды қорғауға қатысты. Мұндағы әр отбасында ерліктің тарихы тіршілік етіп жатыр […]. Мен бұл шешімнің әрбір камчаткалықтың жүрегінен орын алатынына сенімдімін», – дегенді қосты ол.

Солодов сондай-ақ биліктің өткен жылы арнайы соғыс операциясына қатысушылар тұратын баспаналарды жөндеуге қаржы бөлгенін мәлімдеді. Ал биыл, оның айтуынша, бірнеше пәтерге күрделі жөндеу жүргізілмекші.

Седанка селосы Камчатканың солтүстік-батысында орналасқан, ол іс жүзінде сыртқы әлемнен оқшауланып қалған, мұнда жұрт тек қысқы мұз қатқан жолмен ғана келе алады. Селода Камчатканың қазір саны күрт азайып қалған байырғы халқы – коряктар тұрады.

2024 жылы Kamchatka Life ресурсының журналистері Седанкаға арнайы келіп көріп, оны бұған дейін өздері болған жерлердегі «ең қатты депрессияға ұшыраған нүкте» деп атады. Басылым сонау совет заманында тұрғызылған көп пәтерлі үйлердің басым бөлігінде су да, әжетхана да жоқ екенін, ал тұрғын үй қорын саңырауқұлақтар басып қалғанын жазды.

«Мұндағы жұрт дәстүрлі тұрмыс салтын жүргізбейді, тіпті оған талпынбайды да, олар өлместің күнін жалдап отыр», – делінген таблоид репортажында.

Журналистер сондай-ақ жергілікті үкіметтің мәліметі бойынша Седанкаға 457 адам тіркелгенімен, іс жүзінде онда бар-жоғы 224 адам тұратынын атап көрсетті Ал еңбекке жарамды еркек тұрғындардың барлығы қазір арнайы соғыс операциясында жүр.

Седанканың басынан өткен тарих импершіл Ресей билігінің Украинамен соғысты пайдаланып, федерация құрамындағы осындай аз санды халықтарды ең алдымен жоқ қылып жіберудің саясатын ұстанып отырғанын аңдатады. «Арнайы соғыс операциясына» әу басынан көптеп қатыса бастаған халықтар арасында буряттар мен қалмақтардың, татарлар мен башқұрттардың, алтайлар мен тывалардың, қазақтар мен якуттардың, дағыстандықтар мен шешендердің үлес салмағы көп екені көптен айтылып келеді. Пайыздық мөлшерге келгенде орыстардың саны дәл бұлардай жоғары емес.

Суретте: Седанка селосы

Таңбалар: даңқ селосыКамчаткаСеданка

Ұқсас мақалалар

Камчатка маңында тағы да 6,3 баллдық жер сілкінісі тіркелді
Аймақ

Камчатка маңында тағы да 6,3 баллдық жер сілкінісі тіркелді

31.07.2025
Камчаткада бұрын болмаған күшті жер сілкінісі орын алды
Жаңалықтар

Камчаткада бұрын болмаған күшті жер сілкінісі орын алды

30.07.2025

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist