МӘСКЕУ. 3 тамыз. Ресейдің «Московский комсомолец» газеті Әзербайжан мемлекетін өткен ғасырдың 30-40-шы жылдарындағы фашистік Германияға ұқсатты. Бұл туралы Minval.az ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
«МК» мәтбұғаты мұны Әзербайжандағы Айвазовский ескерткішін бұзу мен физик Генрих Герцтің бюстін алып тастау арасын салыстыруға арналған параллель жүргізу арқылы келтіріп отыр.
Айта кету керек, Германияда фашистер билікке келгеннен кейін неміс физигінің бюсті сүріп тасталған болатын.
Ресейдің «Московский комсомолец» газеті Әзербайжанда суретші Иван Айвазовскийдің ескерткіші бұзылуына байланысты елді фашистік Германиямен теңестіріп тастады.
2 тамыз, сенбі күні газетте жарияланған «Украинаның соңынан ерген Бакы ескерткіштерге соғыс жариялады» деген мақалада автор Қарабақтағы Айвазовский ескерткішінің қиратылуы мен неміс физигі Генрих Герцтің Германиядағы бюсті нацистер билікке келгеннен кейін алынып тасталуын бірдей оқиға деп түсіндірмекке ұмтылады.
Мақала авторы Марина Перевозкина Әзербайжан Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесіне қарағанда, ескерткішті бұзудың басты себебі Айвазовскийдің армян тегі болған деп жазады. Осыған байланысты ол Карлсруэ университетіндегі Герц ескерткішінің қирағанын еске алады. Ғалым өзінің негізгі жаңалығын осы жерде ашып, электромагниттік толқындардың бар екенін дәлелдеп шыққан екен. Ал Айвазовскийдің тап Қарабаққа ешқандай тіке қатысы болған жоқ.
USD




