Жаңалықтар жаңғырығыҚайнар

Ақ үй Украинаға әскери көмек көрсету тоқтатылғанын растады

УАШИНГТОН. 1 наурыз. АҚШ әкімшілігі Украинаға әскери көмек көрсетуді осы күннен тоқтатылғанын мақұлдады. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

АҚШ әкімшілігі Украинаға әскери қолдау көрсетуді тоқтатып, жанжалды дипломатиялық жолмен шешуге көңіл бөлмекші. Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Левитт Fox News арнасына берген сұхбатында осыны айтты.

«Трамп әкімшілігі Украинадағы қақтығысты қаржыландыруды тоқтатып жатыр, өйткені енді бейбіт келіссөздер басымдық беріледі. Біз бұдан ары нағыз, берік бейбітшіліксіз өте алыстағы елдің соғысына жай шек жазып, отыра бермейміз», – деді Левитт.

Ақ үй баспасөз хатшысының пікірінше, Украина президенті Володимир Зеленський мінез-құлқы мен риторикасын өзгертуі керек, әйтпесе ол мүлдем келісім жасаса алмайды. Левитт сондай-ақ оны 28 ақпанда Уашингтондағы кездесуі кезінде орын алған АҚШ президенті Дональд Трамппен жанжалы үшін де айыптады.

Бұған дейін The Washington Post газеті АҚШ әкімшілігіндегі жоғары лауазымды шенеунікке сілтеме жасап, Ақ үй Киевке әскери көмек көрсетуді толығымен тоқтату мүмкіндігін қарастырып жатқанын жазған. Мәнбенің мәліметінше, гәп Украинаға жөнелтілуін күтіп тұрған радарлар, броньды машиналар, оқ-дәрілер мен зымырандар сияқты миллиардтаған долларды құрайтын қаруларға қатысты болып тұр.

Зеленський 28 ақпанда Уашингтонға барды. Бұл күні ол Трамппен Украинаның табиғи ресурстарын игеру туралы келісімге қол қояды деп күтілген еді, бірақ кездесу жанжалмен аяқталды. Келіспеушілікке АҚШ вице-президенті Джэй Ди Вэнстің Украинадағы қақтығысты дипломатиялық жолмен реттеу қажеттігін алға тартқан ұстанымы себеп болды. Бұған жауап ретінде Зеленський Владимир Путинмен келісімге келудің барлық бұрынғы әрекеттері алдаумен және жаңа шабуылдармен аяқталғанын еске салды.

Пікірталас тез арада қызу тартысқа ұласып, Трамптың өзі араласты. Қызу пікір алмасудан кейін Зеленський Ақ үйден ерте кетті, ал табиғи ресурстар туралы келісімге ешқашан қол қойылған жоқ.

Осы оқиғадан кейін Дональд Трамп Зеленськийді «бітімгершілік жасағысы келмеді және АҚШ-ты сыйламады» деп айыптады. Бұған жауап ретінде Украина президенті кешірім сұраудан бас тартып, НАТО-ның нақты қауіпсіздік кепілдігі болмаса, Киев Мәскеумен атысты тоқтатуға келіспейтінін мәлімдеді.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button