Жаңалықтар жаңғырығыҚайнар

Зеленьский Трамптың «4% сенім» деген сандырағына жауап берді

КИЕВ. 19 ақпан. Украина президенті Володимир Зеленьский АҚШ президенті айтқан «4 пайыздық сенімге» қатысты бопсасының күлін көкке ұшырды. Бұл туралы «Украина 365» telegram-арнасының ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Зеленьскийдің айтуынша, Дональд Трамп «сенімнің төрт пайызы» жайлы бопсаны басқыншы ел – Ресейдің жалған ақпарат мәнбелерінен алып айтып отыр. Бірақ бұл Украинадағы ахуал мен ондағы ел азаматтарының көңіл-күйінің шынайы бейнесін көрсетпейді.

«Володимир Зеленьский АҚШ президенті Дональд Трамптың Украина президентіне азаматтардың тек 4 пайызы ғана сенеді деген сөзіне жауап берді», – делінген telegram-арна ақпарында.

Президент сондай-ақ Украина халқының жартысынан көбі өзіне сенетінін, сондықтан әлдекімдердің өзін мерзімінен бұрын зейнеткерлікке жібергісі келгендерімен, олардың бұл қитұрқы әрекеттерінен түк те шықпайтынын айтты.

«Бүгін таңертең KIIS сауалнамасы маған 57% сенім артылғанын көрсетті, сондықтан егер біреу мені дәл қазір ауыстырып жіберуге тырысса да, онысы бос әрекет болып шығады», – деді Зеленьский.

Украина президенті «4% сенім» деген бопсаның қайдан шығып жатқанын өте жақсы білетінін мәлімдеді. Мұндай жалған ақпарды таратып отырған басқыншы ел – Ресей Федерациясының билігі мен оның насихатшылары екені еш күмән тудырмайды.

«Біз түсінеміз және бұған бізде дәлел де бар, бұл цифрлар қазір АҚШ пен РФ арасында талқыланып жатыр», – деді ол сосын.

Ал АҚШ президенті Дональд Трамптың Ресей басқыншыларының Украинаға кең ауқыммен басып кіріп, соғысты бастап кеткені үшін украин лидері Володимир Зеленьскийді айыптауы күллі Еуропаның жағасын ұстатты. Бұл шынында шектен шығып кеткен шизофрениялық жағдай еді. Сондықтан мына мәлімдемеден естен танып қала жаздаған британ үкіметі басшысы көмекшілерінің бірі тіпті Ақ үй қожайынының сандырағына «Иисус» деген сөзді қосып айтып, яғни пайғамбарларына сыйынып алып барып, жауап қайтарды.

Politico басылымы Трамптың осы ретте Зеленьскийді «нашар бітімгер» деп айыптап, Ресей бастаған соғысты тоқтатуға қатысты келіссөзге Украина тарапын қоспағанын атап өтті.

«Сендер мұны ешқашан бастамауға тиісті едіңдер. Сендер келісімге келуге тиіс едіңдер». – деп сандалды АҚШ президенті бұдан әрі. Солай деді де, өзінің Украинада сайлау өтуіне мүдделі екенін ашып айтты, сөйтіп, осыдан сәл бұрын Ресей диктаторы Владимир Путиннің аузынан шыққан сөзді қайталады.

Швеция сыртқы істер министрі Мария Мальмер Стенергард Ақ үй егесінің бұл мәлімдемесіне түсіндірме жасай отырып, Украинада сайлау өткізу тек Ресей диктаторы Владимир Путинге ғана тиімді екеніне тоқталды. Ол осы арқылы соғыс жағдайындағы украин басшылығын әлсіреткісі келеді. «Біз бұл тұзаққа түсіп қалмауымыз керек», – деді ол.

Өз кезегінде Германия қорғаныс министрі Борис Писториус АҚШ-ты НАТО-ға кіргізбеуге тырысқаны үшін сынға алды. «Америкалықтар қатты қателесіп отыр», – деді ол.

 

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button