23 Қазан, 19:10
RAST.kz
USD USD 447.94 ₸
EUR EUR 502.32 ₸
RUB RUB 5.52 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Трамп украин президентін сынға алып, оны «диктатор» деп атады

19 Ақпан 2025 20:17
- Жаңалықтар, Оқиға
Трамп украин президентін сынға алып, оны «диктатор» деп атады
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

УАШИНГТОН. 19 ақпан. АҚШ президенті Дональд Трамп Украина лидері Володимир Зеленьскийді «сайланбаған диктатор» деп келеке етті. Бұл туралы The Voscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Дональд Трамп Сауд Арабиясында өзара келіссөз жүргізген АҚШ пен РФ делегацияларының шешімдерін керек етпейтінін мәлімдеген Володимир Зеленьскийге бүгін бірден жойқын шабуыл жасады. Ол осыған қатысты жынын Truth Social әлеуметтік желісіне төгіпті.

«Біз өзіміздің қатысуымызсыз өткен Украинаға қатысты қандайда бір бөлек келісімді мойындай алмаймыз», – деген еді ол 17 ақпан күні.

Өздеріне деген мынадай қатынас шымбайына қатты батып кеткен Трамп сосын оқалақ тиген сиырдай мөңкіп ала жөнеліпті. Ол украиналық әріптесін «сайлаусыз сайланып алған диктатор» деп атап, оны толассыз келіп ақша құйыла беруі үшін соғысты созуға құмар болып отыр деп айыптайды. (Соғыс жүріп жатқан ел қалай сайлау өткізеді, онда шаруасы жоқ, ал ақша жөніндегісі – баланы сөзі). Ақ үйдің айқайшысы бұдан әрі Зеленьскийді «елсіз қалуы мүмкін» деп қорқытады.

Дональд Трамптың сондағы жаны шығып отырғаны – соғыс басталғалы АҚШ Украинаға 350 млрд қаржы беріп қойса, күллі Еуропадан келіп түскені 150 млрд қана екен. Осыған байланысты ол әріптесін «қарапайым табысты комик» деп келемеж етіп, осы ақшаның жартысын өздері «құртып жіберді» деп артымен бал ашады. Соңынан Зеленьский бұл цифрлардың бәрі қате екенін дәлелдеп берді. Оның есебінше, осы кезге дейін Украина соғысқа 320 млрд доллар жаратқан. Оның 200-ін АҚШ пен Еуропа берсе, Украинаның өзінен 120 млрд шыққан.

Өзі нағыз комик Трамп соңында сайлау жайында айта келіп, Зеленьскийді ел халқының 4 пайызы ғана қолдайды деп айды аспаннан бір-ақ шығарады. Бұған Украина президенті бұдан бірер күн ғана бұрын таратылған болжамда өзін қолдаушылар мөлшері 57 пайыз болып тұрғанын алға тартады.

Айтатыны жоқ. Трамптың бұлайша соқтығып жатқанына Еуропа саясаткерлері қатты қайран қалуда. Қалай дегенде де, кәрі құрлық мемлекеттерінің арасын дәл осы Володимир Зеленьскийдей өзара жақындастырып берген саясаткер бұрын-соңды болған жоқ. Мұны да еуропалықтардың өздері айтып отыр.

Таңбалар: айыптауДональд ТрампЗеленський

Ұқсас мақалалар

Трамп Украина «бейбіт келісімді қалауы тиіс», Ресей қоры көп зор машина деді
Жаңалықтар

Трамп Украина «бейбіт келісімді қалауы тиіс», Ресей қоры көп зор машина деді

21.10.2026
Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты
Жаңалықтар

Зеленський: Трамптың саясаты Украинаны тізе бүгуге итермелеу болып тұр

20.10.2026
Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес
Дәулет

Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

15.10.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • МҰРАТБЕК ТОҚТАҒАЗИН ЭВОЛЮЦИЯСЫ

  • Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда облысында жол құрылысымен танысты

  • Бірінші вице-премьер Қызылорда облысындағы құрылыс нысандарын аралады

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 447.94 ₸
EUR EUR 502.32 ₸
RUB RUB 5.52 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist