Жаңалықтар жаңғырығыРуханият

Астанада Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры кеңесінің отырысы өтті

АСТАНА. 7 ақпан. Астанада Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры кеңесінің екінші отырысы болып өтті. Бұл туралы АЗЕРТАДЖ ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

«Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры кеңесінің екінші отырысы Қазақстан Республикасының төрағалық етуімен 7 ақпан күні Астанада, Ұлттық музейде өтті», – делінген хабарламада.

АЗЕРТАДЖ хабарлағандай, отырысқа ұйымға мүше елдердің мәдениет министрлері, сондай-ақ түркі елдері мемлекеттік органдарының өкілдері қатысты.

Отырыс кезінде қор төрағасы Ақтоты Райымқұлова жиналғандарды ұйымның түркі мәдениеті мұраларын халықаралық аренада зерттеу мен жұмысты ілгері жылжытудың түркі мемлекеттері басшыларының «Түркі әлемінің келешегі-2040», TURKTIME және басқа да стратегиялық құжаттарында көрсетілген тапсырмаларына сәйкес жасалған стратегиялық бағыттарымен таныстырды Ол сондай-ақ қордың 2024 жылы атқарған жұмыстары жөнінде кең ауқымды есеп берді.

Егжей-тегжейлі тұсаукесер түрінде өткен отырыс шеңберінде қатысушыларға Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының 2025-2026 жылдардағы іс-әрекетінің жоспары ұсынылды.

Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен өткен қор кеңесінің екінші отырысына Түркі мемлекеттері ұйымының бас хатшысы Кубанычбек Омуралиев (Қырғызстан), Әзербайжан Республикасының мәдениет министрі Әдил Керимли, Қырғыз Республикасы мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрінің орынбасары Гульбара Абдыкалыкова, Түрік Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Мустафа Капуджу, сондай-ақ түркі мемлекеттері мемлекеттік органдарының өкілдері қатысты.

Отырыс қорытындысында ұйымның мүше елдерінің өкілдері қордың 2024 жылғы іс-әрекеттеріне жоғары берген, ұйымның 2025-2026 жылдарға арналған іс-әрекеттер жоспарларын бекіткен хаттамаға қол қойды.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button