24 Тамыз, 23:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Нұрсұлтан Назарбаевтың банкі бір жылда 59 млрд теңге пайда тапқан

5 Ақпан 2025 22:00
- Дәулет, Жаңалықтар
Нұрсұлтан Назарбаевтың банкі бір жылда 59 млрд теңге пайда тапқан
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 5 ақпан. Қазақстанның бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бір банкі өткен 2024 жылы оны 59 млрд теңгеге байыта түсті. Бұл туралы Orda.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

«Нұрсұлтан Назарбаев – енді жай ғана экс-президент емес, Ресейде табысты қаржыгер атанған адам. Оның «Азия-Тынық мұхит банкі» (АТБ) 2024 жылды 11,3 миллиард рубль таза пайдамен аяқтады. Бұл – шамамен 59 миллиард теңге», – деп жазады Orda.kz.

Ресейдің Орталық банкі жариялаған есеп-қисап бойынша, АТБ-ның негізгі табыс көзі – несие беру. 2024 жылы банктің пайыздық түсімдері 31,2 миллиард рубльге (162,8 миллиард теңге) жеткен. Жазда банк 4,8 миллиард рубль таза табыс тапқан кезде сарапшылар жыл соңына дейін 14 миллиард рубльге жуық пайда түседі деп болжаған. Бірақ нақтысы бұған сәл жетпей қалды – ол 11,3 миллиард рубльді құрады. Дегенмен, мұның өзі де аз ақша емес.

2023 жылы банк басшылығы ауысты. Қазақстандық Мұрат Жәукенов орнына тәжірибелі қаржыгер Мигель Маркарянц келді. Негізінде Жәукенов банк көрсеткіштерін көтеріп кетті, ал Маркарянц бұл жетістікті одан әрі дамытты.

Қаржылық есеп мынадай: Назарбаев 2021 жылдың соңында Ресейдің Орталық банкі аукционынан АТБ Банкін 14 миллиард рубльге сатып алған.

Содан бері банк тек пайда тауып келеді. Жылдар бойынша көрсеткіштер мынадай:

2022 жыл – 325,3 миллион рубль таза пайда

2023 жыл – 8,1 миллиард рубль

2024 жыл – 11,3 миллиард рубль

Жалпы есептегенде, үш жылдың ішінде 19,8 миллиард рубль табыс түскен. Яғни, Назарбаев банкті сатып алуға кеткен 14 миллиардты қайтарып қана қоймай, 5,8 миллиард рубль таза пайда тауып отыр. Бұл – 30 миллиард теңге деген сөз.

Қазіргі таңда АТБ Банкі жыл сайын кемінде 10 миллиард рубль табыс әкелетін жүйелі бизнеске айналған.

Таңбалар: АТБ банкНазарбаев

Ұқсас мақалалар

Белгілі саясаткер Қашаған кенішіне орай Назарбаевтан жауап алуды талап етті
Дәулет

Белгілі саясаткер Қашаған кенішіне орай Назарбаевтан жауап алуды талап етті

17.08.2026
НАЗАРБАЕВ БИЛІКТЕН НЕГЕ КЕТТІ?
Жаңалықтар

НАЗАРБАЕВ БИЛІКТЕН НЕГЕ КЕТТІ?

02.01.2026
Назарбаев Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті
Әлеумет

Назарбаев Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

29.12.2025

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist