Жаңалықтар жаңғырығыҚұқық

Әзербайжанда пиротехникалық заттар сатып жүрген 15 адам ұсталды

БАКЫ. 31 желтоқсан. Әзербайжанда полиция қызметкерлері пиротехникалық заттарды сатып жүргендерді ұстап жатыр. Бұл туралы Oxu.az ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Республика ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін бүкіл елде осы мәселеге байланысты күшейтілген режимдегі бақылау мен тексеру жүруде.

Бакы шаһарының Сабаил, Сабунчу және Хатай аудандарында, сондай-ақ Сумгайыт пен Гянджа қалаларында, Лэнкаран және Салян облыстарында қолға алынған іс-шаралар барысында жарылғыш заттар мен пиротехникалық бұйымдар сатумен айналысқан тағы 15 адам ұсталды. Тексеру кезінде олардан түрлі мақсаттағы пиротехникалық заттар алынды.

Фактілер бойынша жинақталған материалдар құқықтық баға беру үшін соттарға жолданды.

 

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button