17 Қазан, 16:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қазақстанның финалға шыққан 5 боксшы қызы да жеңіске жетті

10 Желтоқсан 2024 21:40
- Жаңалықтар, Сайыс
Қазақстанның финалға шыққан 5 боксшы қызы да жеңіске жетті
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ЧИАНГМАЙ. 10 желтоқсан. Бүгін Таиландтың Чиангмай қаласында мәреге жеткен Азия чемпионатының финалында күш сынасқан қазақстандық 5 қыз да жеңіске жетіп, құрлық чемпионы атанды. Бұл туралы rast.kz хабарлайды.

Финалға шыққан бес саңлағымыз да үмітті ақтап, қарсыластарын айқын жеңді. Біздің қыздар арасынан 60 келіге дейінгі салмақтағы Виктория Графеева алғашқы алтын медальды қоржынға салды. Ол  қытайлық Ли Циангтан 5:0 есебімен басым түсті. Боксқа 17 жасында келген, оған дейін жеңіл атлетикамен айналысқан оны мамандар «жаңа жарық жұлдыз» деп атап жатыр. Атлеттің жаңа салмаққа ауысқанына да көп болмапты.

Бұдан кейін шаршы алаңға беттеген 63 келіге дейінгі салмақтағы Аида Әбікеева вьетнамдық Ха Тхи Лингтан күшті болып шықты. Есеп – 5:0! Ол үш раунд бойы тізгінді бермеді.

Үшінші алтын медальдың егесі 70 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан Наталья Богданова болды. Ол алаң егесі – тай қызы Байсон Маниконды еш күмәнсіз ұтты – 5:0! Рингте бір рет босаңсымаған ол өзінің мықты екенін танытты.

Төртінші алтын медальге 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі Гүлсая Ержан (жоғарғы суретте) қол жеткізді. Ол украиналық Карине Айрапетянмен қолғап түйістіріп, 5:0 етіп тізе бүктірді. Мұнда да біздің жерлесіміздің артықшылығы айқын байқалып тұрды.

Ең соңынан 81 келіден ауыр салмақтағы Елдана Тәліпова өзбек қызы Олтиной Сотимбоевадан 4:1 есебімен басым түсті.  Жастар арасынан енді шыққан өзбек қызы оңайлықпен берілгісі келмеді. Бірақ мықты мықтылығын көрсетті.

Қалған салмақ дәрежелерінде өзбекстандық – 3, таиландтық – 2, қытайлық 1 боксшы алтын медальге қол жеткізді. Өзбекстаннан Фарзона Фозилова (48 ег), Феруза Қазақова (52 кг), Навбахор Хамидова (66 кг),  Таиландтан Натнига Чонгпронгкланг (54 кг), Пунрави Руенгрос (57 кг), Қытайдан Ванг Лина (75 кг) чемпион атанды.

Айта кету керек, Өзбекстаннан финалда 7 бұрымды бойжеткен алтын медаль үшін шайқасты. Бірақ олардың төртеуі – Азиза Ёкубова (54 кг), Нигина Уктамова (57 кг), Азиза Зокирова (75 кг) және Олтиной Сотимбоева (+81 кг) күміс медальді қанағат тұтуға мәжбүр болды.

Сөйтіп, чемпионатта 5 алтын және 5 қола медальдарды жеңіп алған Қазақстанның әйелдер құрамасы командалық есепте бірінші орынға шықты. Қола медальді Айгерім Сәттібаева (48 кг), Жазира Орақбаева (52 кг), Ұлжан Сәрсенбек (57 кг), Милана Сафронова (66 кг) және Диана Мағауияева (75 кг) еншіледі.

Қазақстан құрамасын осындай зор жеңіске бас жаттықтырушы Елдос Сайдалин (төменгі суретте) жеткізді.

Чемпионатта алтын медаль алған атлеттер Азия бокс конфедерация тарапынан  – 8 мың, күміс медальді спортшылар – 4 мың, ал қола медальді қыздар 2 мың доллар көлемінде сыйақы алады.

Ертең ерлердің финалдық бәсекелері өтеді. Онда Қазақстанның 9 боксшысы бақтарын сынайды.

Таңбалар: Азия чемпионатыбоксҚазақстан қыздары

Ұқсас мақалалар

Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі
Жаңалықтар

Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

16.10.2026
«Өз еліме керек емеспін»: Тәжірибелі төрешіге қысым жасаған кім?
Жаңалықтар

«Өз еліме керек емеспін»: Тәжірибелі төрешіге қысым жасаған кім?

06.10.2026
Боксшы Оралбай Азиада-2026-да командаға екінші алтын медаль алып берді
Жаңалықтар

Боксшы Оралбай Азиада-2026-да командаға екінші алтын медаль алып берді

02.10.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Қазақстандағы автожол саласына реформа жүргізетін жұмыс тобы құрылды

  • ҚАСІРЕТТІ ҚЫРЫҚ КҮН

  • Ердоған 2028 жылы өтетін Түркия президентін сайлауға қатысады

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist