Кадыров Ресейдің күштік құрылымдары басшыларын айыптады
ГРОЗНЫЙ. 5 желтоқсан. Шешенстан басшысы Рамзан Кадыров РФ құқық қорғау саласының басшыларын қатты сынға алды. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Ол Владимир Путиннің түйінді күштік құрылымдарының басшылары Владимир Колокольцев пен Александр Бастрыкинді аяусыз сынап, оларды Украинамен және Грузиямен арадағы қарым-қатынасты түзетілместей етіп бұзды деп айыптады. Шамасы, бұл мыналар Кремль диктаторын осыларға айдап салды дегені болса керек.
«2012 жылдан ішкі істер министрлігін басқаратын Владимир Колокольцев пен 2011 жылдан тергеу комитетінің тізгінін ұстаған Александр Бастрыкин «өз орындарында отырған жоқ», – деп мәлімдеді Қадыров бейсенбі күні кешке. Оның айтуынша, ішкі істер министрлігі мен тергеу комитетінде «жоғарыда отырғандар» президент жүктеген тапсырмаларды сапалы орындамайды.
Кадыровтың оларды сынауына «Крокустағы» терактіден кейін мигранттарға қатысты саясаттың бірден қатқылданып кеткені себеп болыпты. Ресми мәлімет бойынша, бұл бұрынғы КСРО елдерінен келген 2 миллионға жуық гастербайтердің Ресейден кетіп қалуына апарып жеткізген», – деді Кадыров.
«Жаратқан иеміз бұларды міндетті түрде жазалайды», – дегенді қосты сосын Рамзан Муслим Мурдиевтің ісіне түсіндірме бере тұрып.
Ресей тергеу комитетінің Мәскеудегі қалалық тергеу басқармасы Муслим Мурдиев деген жасөспірімнің үстінен төрт бап бойынша іс қозғапты. Оған бір топ аlамдармен алдын ала келісімге келіп, күш қолдану арқылы қоғамдық тәртіпті бұзды деген айып тағылыпты. Жеті айдан бері қамауда отырған шешен бозбаласы Кадыровқа жолдаған хатында өзін жаланың құрбаны санап, жазықсыз деп атап, араша түсуді сұрайды.