18 Қазан, 21:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қазақстан жалақы жөнінен Ресей, Беларусь, Өзбекстан елдерінен алда тұр

19 Қыркүйек 2024 22:46
- Дәулет, Жаңалықтар
Қазақстан жалақы жөнінен Ресей, Беларусь, Өзбекстан елдерінен алда тұр
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 19 қыркүйек. Қазақстан қызметкерлеріне төленетін айлығының орташа мөлшері бойынша Ресей, Беларусь, Әзербайжан, Өзбекстан мемлекеттерінен озық келеді. Бұл туралы ranking.kz ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

Аталмыш көрсеткіш кенересінде ТМД елдері арасында Армения мен Молдова ғана Қазақстаннан бұрын тұрса, Ресей, Беларусь, Әзербайжан, Өзбекстан және Украина* дәулеттері артта келеді. (*Бұл жерде Украинаны статусы жағынан қазір ТМД елдеріне жатқызуға болмайтынын да айта кетуіміз керек).

Numbeo-ның мәліметіне сәйкес, 2024 жылғы 16 қыркүйектегі ахуал бойынша, Қазақстан әлемнің 96 елі ішінде 67-орында келеді. Қазір елдегі орташа айлық жалақы 582,4 АҚШ долларын (279 313 тн) құрайды.

Ал әлемдегі ең жоғары жалақы Швейцарияда тіркелген: мұндағы айлық жалақы 7,2 мың АҚШ долларына тең. Егер доллардың теңгеге қатысты бағамы бүгінгі күні 479,59 екенін ескерсек, бұл айлықтың 3 453 048 теңге болып шығатынын білер едік. Рейтингтің екінші сатысына Люксембург пен АҚШ орналасқан. Бұлардың біріншісінде жалақы 5,8 мың (2 781 622 тн) болса, екіншісінде 4,5 мың (2 158 155 тн) болып көрсетілген.

Сонымен бірге, жоғарыдағы 96 мемлекеттің тізіміне кіргендер арасында ең төменгі жалақы мөлшерлері Куба (37,6 доллар = 18 032 тн), Мысыр (146,5 доллар = 70 259 тн) және Пәкстан (180.9 доллар = 86 757 тн) дәулеттеріне тиесілі екенін айта кетейік.

Сол сияқты жоғарыда атап өтілген, ТМД елдеріндегі жоғары жалақыға ие Арменияда ол 608,1 доллар (291 638 тн) болса, Молдовада 599,5 доллардан (287 514 тн) қайырылады.

Әлемнің ірі қалалары арасындағы тізімде Алматының орташа жалақысы 678, 5 АҚШ долларын (325 401 тн) құраса, Астана 584,5 доллармен (280 320 тн) одан қалып келеді. Бұлардың біріншісіне тізімде 238-орын, ал екіншісіне 335-орын берілген.

Осы есепте Алматы ТМД елдеріне қалалары ішінде 3-орынға табан тірейді. Айлық жалақы жөнінен біздің оңтүстік астана тек Мәскеу (1,3 мың доллар = 623 467 тн) мен Санкт-Петербургке (854,55 доллар = 409 809 тн) ғана есе жібереді.

Ал ең төменгі жалақы мөлшерлері ТМД елдері арасында Бішкекте (352,6 доллар = 169 103 тн), Харьковте (358, 5 доллар = 171 933 тн) және Одессада (395, 5 доллар = 189 677 тн) тіркелген.

Қазақстанда ең жоғары айлық жалақы Атырау облысына тиесілі: ол – 594,4 мың теңге. Екінші орында Маңғыстау облысы (579, 8 мың теңге) тұрса, үштікті Ұлытау облысы (523,0 мың теңге) тиянақтайды. Сол сияқты ең аз жалақыны 297,3 мың теңге көрсеткішімен Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары алады.

Таңбалар: айлық жалақыәлемҚазақстанрейтинг

Ұқсас мақалалар

Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісі Қазақстанға не береді?
Жаңалықтар

Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісі Қазақстанға не береді?

17.10.2026
Бакыде Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісі іске қосылды
Жаңалықтар

Бакыде Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісі іске қосылды

15.10.2026
Қазақстандағы автожол саласына реформа жүргізетін жұмыс тобы құрылды
Дәулет

Қазақстандағы автожол саласына реформа жүргізетін жұмыс тобы құрылды

14.10.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • ҚАСІРЕТТІ ҚЫРЫҚ КҮН

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist