Жаңалықтар жаңғырығыҚайнар

Бокстан Қазақстан мектеп оқушылары Азия чемпионатында топ жарды

ӘЛ-АЙН. 9 қыркүйек. Біріккен Араб Әмірлігінің Әл-Айн қаласында өткен мектеп оқушылары арасындағы Азия чемпионатында командалық есепте бірінші орынды жеңіп алды. Бұл туралы rast.kz хабарлайды.

Құрлық біріншілігінде 2010-2011 жылы туған жасөспірім ұлдар мен жасөспірім қыздар жүлделерді сарапқа салды.

Тағы бір айта кетерлігі, құрлық Бокс ассоциациясының рұқсатымен бұл турнирге Украина мектеп оқушылары да қатысты.

Құрлық чемпионатында жалпы командалық бірінші орынға шыққан Қазақстанның ұлдар командасы 9 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль жеңіп алса, қыздар жасағы 3 алтын, 6 күміс және 5 қола медальге қол жеткізіп, барлығы 12 алтын, 7 күміс және 7 қола медальді қоржынға түсірді.

Екінші орындағы Үндістан құрамасында ұлдар 1 алтын, 3 күміс және 5 қола, қыздар 7 алтын, 2 күміс және 4 қола, барлығы 8 алтын, 5 күміс және 9 қола медаль жинады.

Үшінші орынға Украина құрамасы орналасты. Оның еншісінде жалпысы 6 алтын, 14 күміс және 15 қола медаль бар. Мұнда ұлдар 1 алтын, 4 күміс және 6 қола, қыздар 5 алтын, 14 күміс және 15 қола медаль әперді.

Еске сала кетейік, турнирде жалпы 2 алтын, 4 күміс және 14 қола медальмен Қырғызстан командасы 6-орынға табан тіресе, 10 күміс және 10 қола медаль алған Өзбекстан терма жамоаты 7-ші сатыдан көрінді. Барлығы 11 елдің жас спортшылары жүлдегерлер тұғырынан табылды.

Айта кететін жайт, Біріккен Араб Әмірлігіне жасөспірім боксшыларды Қазақстан құрамасының аға жаттықтырушысы Жақсылық Молдаханов алып барды.

Чемпионаттың жүлдегерлер тұғыры

Оқушы қыздар

33 кг. 1.Дипали Тапа (Үндістан), 2.Людмила Васильченко (Украина), 3.Анелия Ордабек (Қазақстан);

35 кг. 1.Бхуми Бхуми (Үндістан), 2.Әсел Жәлімбекова (Қазақстан), 3.Атхукоралаге Дона (Шри-Ланка), Ольга Миско (Украина);

37 кг. 1.Мисчал Шарма (Үндістан), 2.Мария Мацюра (Украина), 3.Жаргалмаа Ерденеч (Моңғолия), Тахмина Алмасбек (Қазақстан);

40 кг. 1.Олександра Черева (Украина), 2.Лаксми Манжулат Ла (Үндістан), 3.Милана Иншина (Қазақстан), Енкхжин Баасандорж (Моңғолия);

43 кг. 1.Рахи Рахи (Үндістан), 2.Вероника Голуб (Украина), 3.Аружан Тілләбай (Қазақстан), Хсин Ю Су (Тайпей);

46 кг. 1.Мария Рафальская (Украина), 2.Лашын Дәулетжан (Қазақстан), 3.Мунгунзул Алтангад (Моңғолия), Хуши Чанд (Үндістан);

49 кг. 1.Нұрайым Құдайберген (Қазақстан), 2.Катерина Смолкина (Украина), 3.Тннг Вей Хе (Тайпей), Анужин Мункхтур (Моңғолия);

52 кг. 1.Натик Натик (Үндістан), 2.Арина Оразымбет (Қазақстан), 3.Ася Ткаченко (Украина), Целмуун Одгерел (Моңғолия);

55 кг. 1.Ангелина Румянцева (Украина), 2.Балым Ғабитқызы (Қазақстан), 3.Навиа Навиа (Үндістан), Вен Линг Чанг (Тайпей);

58 кг. 1.Айлин Қожамберді (Қазақстан), 2.Вира Василенко (Украина), 3.Ишика Ишика (Үндістан);

61 кг. 1.Аяулым Оспанова (Қазақстан), 2.Диа Диа (Үндістан), 3.Ксин Чен (Тайпей), Катерина Мороз (Украина);

64 кг. 1.Ксения Коцогуб (Украина), 2.Мәдина Нұрманова (Қазақстан), 3.Сухрит Каур (Үндістан);

67 кг. 1.Трушана Винаяк (Үндістан), 2.Анна Горностал (Украина), 3.Қымбат Ғабидолла (Қазақстан), Хонг Хоа До (Вьетнам);

70 кг. 1.Диана Надырбек (Қазақстан), 2.Манши Малик (Үндістан), 3.Диана Кемская (Украина);

+70 кг. 1.Гурсират Гаур (Моңғолия), 2.Кәусар Санғымбай (Қазақстан).

Оқушы ұлдар

33 кг. 1.Амишервон Сидигов (Тәжікстан), 2.Асилбек Розимбаев (Өзбекстан), 3.Сукх-Ердене Буианб (Моңғолия), Әли Әбдікамал (Қазақстан);

35 кг. 1.Абылай Досымбеков (Қазақстан), 2.Яхио Комилов (Өзбекстан). 3.Ташкул Амангелдиев (Қырғызстан), Дилшод Сидшаев (Тәжікстан);

37 кг. 1.Удай Сингх (Үндістан), 2.Фирузжон Бойматов (Тәжікстан), 3.Камронбек Баходиров (Өзбекстан), Жасурбек Икромидинов (Қырғызстан);

40 кг. 1.Бекхан Оразбаев (Қазақстан), 2.Нитин Нитин (Үндістан), 3.Жавлонбек Махаммадов (Өзбекстан), Ариет Санжарбеков (Қырғызстан).

43 кг. 1.Жұмағали Нұрмахан (Қазақстан), 2.Мухаммадали Истамов (Өзбекстан), 3.Тарас Бондарук (Украина), Муслим Паншер (Қырғызстан);

46 кг. 1.Әмір Мұхит (Қазақстан), 2.Богдан Шакитко (Украина), 3.Бекзодбек Равшанов (Өзбекстан), Нурсултан Жумалиев (Қырғызстан);

49 кг. 1.Матин Чамипа (Үндістан), 2.Богдан Смоляк (Украина), 3.Рави Сихаг (Үндістан), Агарзандан Батхуй (Моңғолия);

52 кг. 1.Нұрислам Оңалбек (Қазақстан), 2.Ризван Исаев (Қырғызстан), 3.Махан Мохаммадианж (Иран), Назарий Флинта (Украина);

55 кг. 1.Әбдімәнсүр Жақсылық (Қазақстан), 2.Лакшай Балхара (Үндістан), 3.Ахмаджон Абдусаттаров (Өзбекстан), Темирлан Абыталиев (Қырғызстан);

58 кг. 1.Акбарджон Абдулаев (Тәжікстан), 2.Абдувохид Абдумажитов (Өзбекстан), 3.Кирило Горбунов (Украина), Наман Кумар (Үндістан);

61 кг. 1.Фархан Ахмади Афза (Иран), 2.Али Имран Алиев (Қазақстан), 3.Дуи Пхонг Вуи (Вьетнам), Олександр Лутченко (Украина);

64 кг. 1.Төрехан Қанатбай (Қазақстан), 2.Далинтин Лукианенк (Өзбекстан), 3.Улукбек Абдуманбет (Қырғызстан), Анмол Дахия (Үндістан);

67 кг. 1.Камиль Шар (Қырғызстан), 2.Юнус Салихов (Украина), 3.Мухаммадризо Холдов (Өзбекстан), Ом Бхандари (Үндістан);

70 кг. 1.Мәнсүр Амантай (Қазақстан), 2.Аюбхон Мухаммадов (Өзбекстан), 3.Данило Стрихунов (Украина), Жайдип Сингх Ханж (Үндістан);

+70 кг. 1.Дмитро Касьяенко (Украина), 2.Назарбай Кендірбаев (Қырғызстан), 3.Жәдігер Мүсірәлі (Қазақстан), Хью Хоанг Ву (Вьетнам).

 

 

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button