25 Тамыз, 17:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қазақ бапкері Есбол Сұлтанов Туниске Олимпиада «алтынын» алып берді

10 Тамыз 2024 20:37
- Әлеумет, Жаңалықтар
Қазақ бапкері Есбол Сұлтанов Туниске Олимпиада «алтынын» алып берді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ПАРИЖ. 10 тамыз. Қазақ бапкері Есбол Сұлтанов Тунис елінің қоржынына таэквондодан Олимпиялық ойындардың алтын медалін түсірді. Бұл туралы Kazpravda.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

«Таэквондодан Тунис құрамасының бас жаттықтырушысы, қазақстандық Есбол Сұлтанов пен оның командасы «алтын» және «күміс» жеңіп алды», – деп жазды Kazpravda.kz өз кезегінде «Спорт Шредингера» сайтына сілтеме жасай отырып.

Турнирде 80 келіге дейінгі салмақтағы Фирас Катуси финалда парсы Мехран Бархордариді 2:0 етіп ұтып, алтын медальге қол жеткізсе, 58 келіге дейінгі салмақтағы Мохамед Халил Жендуби қола жүлдегер атанды.

Катусидің «алтыны» – Тунистің таэквондодан тарихта бірінші рет жеңіп алып отырған ең жоғары марапаты. Жалпы, бұл турнирде тунистіктер 1 алтын, 1 күміс және 2 қола медальды еншілеп отыр.

Ал қазақ Есбол Сұлтановтың өзі спортшы ретінде 2006 жылы Азия ойындарына және 2007 жылы әлем чемпионатына қатысқан. Өткен 2023 жылдың қыркүйегінде Сұлтанов инстаграмда екі шәкіртінің кадеттер арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жеткендерін жазды. Өзі артынша Туниске сол елдің құрама командасының тізгінін ұстау үшін кетіп қалды.

37 жастағы Сұлтанов өзінің жаңа командасындағы жұмысын Африка чемпионатында шәкірттеріне 8 алтын медаль алдырумен және Париж Олимпиадасына 4 лицензия жеңгізумен бастады. Оны тағайындағанға дейін Тунис құрамасы әлем чемпионатынан бірде-бір медаль ала алмай, құрқол қайтқан екен.

Айта кетейік, Париж Олимпиадасына Қазақстаннан екі таэквондошы қатысқан еді. Олардың бірі – 20 жасар Самирхан Абабакиров 58 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп, 1/8 финалда жарыс жолынан шығып қалса, 18 жасар Батырхан Төлеуғали 80 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионатының 2011 және 2015 жылдарғы қола жүлдегері, малилік Исмаэл Кулибаланы ұтып, итальян Симоне Алесссиоға есе беріп алды.

Суретте: Есбол Сұлтанов сол жақта бірінші

Таңбалар: алтын медальЕсбол СұлтановтаэквондоТунис

Ұқсас мақалалар

ӘЧ-2026: Тунис құрамасының бас коучы бірінші матчтан кейін қызметінен кетті
Жаңалықтар

ӘЧ-2026: Тунис құрамасының бас коучы бірінші матчтан кейін қызметінен кетті

17.06.2026
Париж: Өзбекстан құрамасы Паралимпиадада үшінші алтын медалін жеңіп алды
Жаңалықтар

Париж: Өзбекстан құрамасы Паралимпиадада үшінші алтын медалін жеңіп алды

31.08.2024
Талғат Сырымбетов «Ұлы Жібек жолы» турнирінде алтын медаль жеңіп алды
Жаңалықтар

Талғат Сырымбетов «Ұлы Жібек жолы» турнирінде алтын медаль жеңіп алды

28.03.2024

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist