19 Қазан, 00:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Министр Саясат Нұрбек грантқа ілінбеген талапкерлерге үндеу жасады

5 Тамыз 2024 19:57
- Жаңалықтар, Қайнар
Министр Саясат Нұрбек грантқа ілінбеген талапкерлерге үндеу жасады
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 5 тамыз. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек биылғы мемлекеттік грантқа іліге алмай қалған талапкерлерге үндеу арнады. Бұл туралы Ulysmedia.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

«Соңғы уақытта елімізде орын алған су тасқыны бүкіл елге ортақ сынақ болды. Осы жағдайға байланысты, біз жоғары білім алуға гранттардың аз ғана бөлігін зардап шеккен өңір түлектеріне бөлдік. Саны көп те емес, 5112 грант. 20 мыңнан астам түлек су басқан өңірден бітірсе, соның 10 мыңнан астам түлегі өздеріңізбен бірдей жалпы конкурспен өтті. Біз оны әділ және ашық түрде бөлуге бар күш-жігерімізді салдық», – деп атап өтті министр телеграм-арнасында.

Бұдан әрі жоғары білім басшысы кеше ата-аналар мен балалардың қуаныш жасын көріп, бірге қуанғанын жеткізді.

«Бірақ, өкінішке орай, грант ала алмаған түлектер мен отбасылардың мұңында да біз біргеміз. Көптеген адам министрлікке, маған хабарласып, жазып жатыр, ал осы нәтижені сабырмен қабылдағандар да бар екен. Айтайын дегенім, үміт үзбеңіздер! Грант алу мүмкіндіктері әлі де бар! Биылғы конкурсқа қатысушылар саны өткен жылмен салыстырғанда 11 мыңға көп, сондықтан бәсекелестік те өте жоғары болды», – деді келесі кезекте Саясат Нұрбек.

Су тасқынынан зардап шеккен аймақтар үшін квота қарастырылғанымен, сол аймақтардың талапкерлері жалпы конкурс бойынша грант ұтып алды. Грант алғандардың тек 1130-ы немесе 1,7%-ы мүмкіндікті пайдаланды. Бұл аймақтарды қолдау үшін талапкерлерге дайындалу және конкурсқа құжаттарын тапсыру үшін мерзімі кеңейтілді және конкурсқа ең жақсы ҰБТ нәтижесі бар сертификатын ұсыну мүмкіндігі берілді.

«Жоғары балл жинаған 10 мыңнан астам адам грант ала алмады, оның ішінде 7 мыңнан астамы шығармашылық мамандықтар бойынша екенін айту қажет. Мысалы, дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау бойынша 1 орынға 11 адам, сән және дизайн бойынша 9 адам, ал стоматологияға 1 орынға 35 адамнан келді. Құрметті түлек, қадірлі ата-ана біздің мақсатымыз – ел экономикасына қажетті кадрлар дайындау. Грант алу мүмкіндіктеріңіз, қайталап жазам, әлі де бар», – деп жазды министр.

Оның сөзіне қарағанда, 3 мыңға дейін талапкер гранттан бас тартуы мүмкін, олар келесі жоғары балл жинаған талапкерлерге беріледі.

Жергілікті атқарушы органдардың яғни әкімдіктердің гранттары бар.

KazEnergy қауымдастығының гранттарын қосыңыз.

Х.А.Яссауи атындағы ХҚТУ-де білім алу үшін Түркия Республикасының 500 гранты.

Жұмыс берушілердің гранттары.

Түркістандағы Халықаралық туризм және қонақжайлылық университеті 800 мақсатты грант ұсынады.

Қазақстан халқына қоры 850 грант бөледі.

Ректорлардың гранты, мысалы, Тұран-Астана университеті Алтын белгі иегерлеріне гранттар бөлуде.

Сессия қорытындысы бойынша бос грант алу мүмкіндігі және бар.

«Грант ала алмаған түлектерді осы жоғарыдағы мүмкіндіктерді барынша пайдалануға шақырамыз. Сәттілік тілейміз! Бәрі жақсы болады!» – деп түйіндеді министр Саясат Нұрбек.

Таңбалар: жоғары білімСаясат Нұрбекталапкерлер

Ұқсас мақалалар

Мектеп түлектері Ғылым және жоғары білім министрімен соттаспақшы
Жаңалықтар

Ғылым және жоғары білім министрі 1-курс студенттеріне өз кеңесін айтты

26.08.2024
Мектеп түлектері Ғылым және жоғары білім министрімен соттаспақшы
Жаңалықтар

Мектеп түлектері Ғылым және жоғары білім министрімен соттаспақшы

09.08.2024
Жоғары оқу орындары білім гранты конкурсына құжат қабылдау басталды
Жаңалықтар

Жоғары оқу орындары білім гранты конкурсына құжат қабылдау басталды

13.07.2024

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • ҚАСІРЕТТІ ҚЫРЫҚ КҮН

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist