25 Тамыз, 09:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Батырларымыз дін үшін соғысты деген актер енді сот алдында жауап береді

30 Шілде 2024 22:45
- Жаңалықтар, Тіршілік
Батырларымыз дін үшін соғысты деген актер енді сот алдында жауап береді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 30 шілде. «Батыр бабаларымыз жер үшін емес, дін үшін соғысты» де мәлімдеген актер Ғалымжан Құрманбектің сот жүзінде жауапқа тартылуы мүмкін. Бұл туралы Democrat.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Актер мешітте сөйлеген сөзінде «Қарасай батыр, Қабанбай батыр, Бөгенбай батыр жер үшін емес, Ислам діні үшін соғысты» деп айды аспаннан бір-ақ шығарған болатын. Осы жөніндегі видео артынша кеңінен тарады.

Әзілкеш атымен танылған Ғалымжанның бұл сөздері қоғам мүшелерінің ренішін тудырды. Сондықтан оның осы айтқан сөздері үшін заң алдында жауап беруі талап етілуде. Сөйтіп, қоғам белсенділерінен, журналистерден, заңгерлерден, тарихшылар мен дінтанушылардан құралған бір топ азамат ресми шағым әзірледі.

Қазақтың иен даласында қолға ұстар, көзбен көрер нақты дәлел ретінде күні бүгінге дейін жатқан таңбалы тастарды айтпағанда, қазақ жерін қорғағанын айғақтап, мөрі басылып, тарихи тұлға ретінде танылған Қарасай, Қабанбай, Бөгенбай батырларымыздың ешқашан дін үшін соғыспағандары айдан анық. Олар әманда жер үшін, бостандық үшін қолдарына қару алып шықты.

Өкінішке қарай, діни наным-сенімін ұлттан жоғары қоятын кейбіреулер осыған дейін салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды жоққа шығарғаны аздай, енді мысықтабан жүріспен ақырын ілгері жылжып отырып, төл  тарихымызға да ауыз салмақ ниетіне көшкен сияқты.

Мың жерден әлдебір тылсымға сеніп, әлдебір дінге бас ұрсақ та, атадан балаға мұра болып қалған тарихты жоққа шығару тұтас ұлтқа жасалған қастандық емес пе? Тарихты бұрмалау арқылы Ғалымжан Құрманбектің көздегені не, мақсаты қандай?

Белсенділер осындай сұрақ қояды.

Хаттың толық мәтіні мынадай:

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа!

ҚР Бас прокуроры Асылов Берік Ноғайұлына!

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы Сағымбаев Ермек Алдабергенұлына! 

Қазақстан азаматы Ғалымжан Құрманбеков «НұрМүбарак» университетінде өткен бір іс-шарада «Қарасай батыр, Қабанбай батыр, Бөгенбай батырларымыз жер үшін емес, дін үшін соғысты» деп тарихты бұрмалап, Қазақстанда тиым салынған Аль-Каида, ИГИЛ, Талибан т.б экстремистік топтардың риторикасын дәлме-дәл қайталады.

Тарих бойынша қазақтың бүкіл батырлары әрқашан жер мен Отанын қорғау жолында қанын төккенін жоққа шығаратын Ғалымжан Құрманбековтің ашықтан ашық терроризмді көпе-көрінеу бұлай жария формада насихаттауы тұтас қазақ ұлтының ренішін тудырды.

Ғалымжан Құрманбековтің бұл сөзі ҚР Қылмыстық кодексінің 256 бабы,яғни терроризмді ашық насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру боп табылады.

Атап айтқанда, Ғалымжан Құрманбеков «батырларымыз дін үшін соғысты» дей отырып, жастарды дін үшін соғысқа ашық үндеп отыр.

Мұнан бөлек, Ғалымжан Құрманбековтің бұл сөздері Қазақ тарихын, қазақ ұлтын қорлау болып табылады. Мөрі басылған, дәлел-деректері бар шынайы тарихымыздың батыр тұлғаларын «дін үшін соғысты» деу – жалған ақпарат. Жастардың санасына мұндай жалған ақпаратты құйып, «дін үшін» соғысқа үндеу – Ата заңымыздағы терроризм бабына сәйкес келеді.

Құрметті президент Қасым-Жомарт Кемелұлы, ҚР Ұлттық қауіпсіздігі комитетінің Төрағасы САҒЫМБАЕВ Ермек Алдабергенұлы, ҚР Бас Прокуроры АСЫЛОВ Берік Ноғайұлы!

Аталған мәселе бойынша тез арада құқықтық баға беріп, Ғалымжан Құрманбековті заң алдында жауапқа тартуды сұраймыз. Қазақстан — зайырлы мемлекет.

Қазақстан — атадан-балаға мирас болған тарихы бар тәуелсіз, құқықтық мемлекет. Қазақстанның батырларына тіл тигізуге, Қазақстанның тарихын бұрмалап, жалған ақпарат таратуға ешкімнің де қақысы жоқ. Қазақтың тарихын бұрмалау қазақ ұлтына жасалған қастандық деп білеміз.

Құрметпен, қоғам белсендісі Мұқышева Нұргүл Тазабекқызы және бір топ Қазақстан азаматтары».

P.S Хатқа қол қоямын, қолдаймын деген азаматтар +77772931881 нөміріне хабарласса болады.

Таңбалар: Ғалымжан Құрманбекдінқазақ жері

Ұқсас мақалалар

Бас муфти: Қазақ дәстүрін жоққа шығарып, ел ішіне лаң салып жүргендер бар
Әлеумет

Бас муфти: Қазақ дәстүрін жоққа шығарып, ел ішіне лаң салып жүргендер бар

23.02.2024
Астрахан тұрғыны: Астрахан – қазақтың жері, оны Ресейден тартып алыңдар!
Жаңалықтар

Астрахан тұрғыны: Астрахан – қазақтың жері, оны Ресейден тартып алыңдар!

26.01.2024
Ермұрат Бапи: Елімізге қауіп төнгенде дін мемлекеттен бөлініп кете алмайды
Жаңалықтар

Ермұрат Бапи: Елімізге қауіп төнгенде дін мемлекеттен бөлініп кете алмайды

04.10.2023

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist