18 Қазан, 00:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Бокстан Қазақстан құрамасы Парижде шешуші жаттығуын өткізіп жатыр

25 Шілде 2024 12:16
- Жаңалықтар, Қайнар
Бокстан Қазақстан құрамасы Парижде шешуші жаттығуын өткізіп жатыр
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ПАРИЖ. 25 шілде. Бокстан Қазақстан құрамасы Париж Олимпиялық ойындары басталар алдындағы пысықтау жаттығуын бастап кетті. Бұл туралы Ulyssport.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Францияға жеткен боксшыларымыз бас жаттықтырушы Мырзағали Айтжановтың басшылығымен жергілікті климатқа бейімделу жаттығуларына кірісті.

Боксшыларымыздың Париж рингінде өткізетін жекпе-жектерінің кестесі белгілі болды. Ал бүгін, 25 шілде күні олардың қарсыластарының аты-жөндері анықталады.

Олимпиада төрінде Қазақстанның ерлер құрамасы толық құрамда, яғни 7 салмақ бойынша өнер көрсетеді. Еліміздің намысын бұл сынақта Сәкен Бибосынов (51 келі), Махмұд Сабырхан (57 келі), Мұхамедсабыр Базарбайұлы (63,5 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі), Айбек Оралбай (92 келі) және Қамшыбек Қоңқабаев (+92 келі) қорғайды.

Әйелдер арасындағы турнирде бірінші рет 3 бірдей спортшымыз Олимпиадада күш сынасқалы отыр. Олардың тобын Назым Қызайбай (50 келі), Карина Ибрагимова (57 келі) және Валентина Хальзова (75 келі) құрайды.

Былғары қолғап шеберлері өз жекпе-жектерін 27 шілде, сенбі күні бастайды. Бұл күні бізден 63,5 келіге дейінгі салмақтағы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Астана уақытымен сағат 15:30-да басталатын күндізгі сессияда рингке шықса, 80 келіге дейінгі салмақтағы Нұрбек Оралбай сағат 20:00-де басталатын кешкі сессияда күш сынасады. Екеуі де 1/16 финалдық іріктеу сайыстарын өткізеді.

Таңбалар: боксолимпиадаПариж

Ұқсас мақалалар

Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі
Жаңалықтар

Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

16.10.2026
«Өз еліме керек емеспін»: Тәжірибелі төрешіге қысым жасаған кім?
Жаңалықтар

«Өз еліме керек емеспін»: Тәжірибелі төрешіге қысым жасаған кім?

06.10.2026
Боксшы Оралбай Азиада-2026-да командаға екінші алтын медаль алып берді
Жаңалықтар

Боксшы Оралбай Азиада-2026-да командаға екінші алтын медаль алып берді

02.10.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist