18 Қазан, 18:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қостанайдың бас имамы мас болып көлік жүргізіп, 15 тәулікке қамалды

25 Шілде 2024 10:51
- Жаңалықтар, Оқиға
Қостанайдың бас имамы мас болып көлік жүргізіп, 15 тәулікке қамалды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚОСТАНАЙ. 25 шілде. Қостанайдың бас имамы көлікті мас күйінде айдап, құқық қорғау органдары қызметкерлері қолына түсіп, 15 тәулікке қамалу жазасын алды. Бұл туралы Ulysmedia.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Ол Бурабайдағы түнгі клубтардың бірінің жанында масаң күйде көлігін айдап бара жатқанда ұсталған.

Осының салдарынан Қостанайдың бас имамы Бақытбак Тәжімбет сот арқылы 15 тәулікке қамалған және 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылған.

«Тәжімбет Бахытбек Нұрғабылұлы Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылсын, оған осы бап бойынша 15 (он бес) тәулікке қамаққа алу және 7 (жеті) жылға көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалсын. Қамаққа алу уақыты 2024 жылғы 23 шілде сәуір сағат 16:53 минуттан бастап есептелсін», – делінген қаулыда.

Оқиға 23 шілдеде болған. Тәжімбет Бурабай кенті Кенесары көшесінде орналасқан «Регион 03» клубының қасында Toyota Highlander автокөлігін алкогольдік масаң күйінде басқарған. Бірақ ол сот отырысында өз кінәсін мойындамай, алкогольдік ішімдіктерді ішпегенін, тек қана қымыз ішкенін атап өткен. Дегенмен сот отырысында зерттелген бейнежазба бойынша, мас болу фактісін анықтау үшін медициналық куәландыру жасаған кезде дерігер қойған сұраққа Тәжімбет «сыра іштім» деп жауап берген.

«Сот Б.Н. Тәжімбетке әкімшілік жаза қолдану кезінде оның жауаптылығын жеңілдететін мән-жайлардың жоқ екендігін, ал жауаптығын ауырлататын мән-жай ретінде, оның алкогольдік масаң күйде болуы деп, оның жеке басының, құқық бұзушылықтың айналасындағыларға қоғамдық қауіптілігін, азаматтардың денсаулығымен жол жүрісі қауіпсіздігіне қауіп тудыратындығын, сонымен қатар аталған құқық бұзушылық үшін балама жазаның жоқтығын ескере отырып, оған әкімшілік жаза ретінде қамаққа алу және көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасын тағайындау қажет деп есептейді», – делінген сот қаулысында.

Бір айта кетерлігі, Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ), яғни мүфтият өзінің ресми сайтында осы бас имам туралы ақпаратты жедел өшіріп тастаған.

«Атап айтқанда, мүфтияттың бұл аяқ астынан жанталасқан арсыз тірлігі ертең бұндай имам ҚМДБ жүйесінде қызмет етпейді немесе имамдық жұмыстан әлдеқашан босатылған деп айту үшін ғана жасалған екіжүзді пасық іс-әрекет деп білемін. Өз басым осы сорақылықтардың бәріне діннің атын жамылып,өтірік моралист сияқты боп көрінетін клерикал имамдардың төрағасы,бас мүфти Наурызбай Өтпенов тікелей жауапты деп есептеймін», – деді Ulysmedia.kz редакциясына хабарласқан бір тұрғын.

Осының бәрі Қазақстан мүфтиятында үлкен реформалар жүргізілуі керектігін, оның уақыт күттірмейтін мәнді мәселе екендігін тағы да бір рет айғақтай түседі.

Таныстыра кетейік, Тәжімбет Бақытбек Нұрғабылұлы 1983 жылы 17-мамырда Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында туған. Жаңақорған ауданындағы № 125 С. Сапарбеков атындағы қазақ орта мектебінде, Түркістан қаласындағы Хасан Оралтай атындағы медреседе, Шымкент қаласындағы «Қамар» медресесінде, Алматы қаласындағы «Таугүл» медресесінде тәлім алған. 2005-2006 жылдары Ыстамбұл қаласындағы «Ыстамбұл муфтиятында» оқыған.

2015 жылдың қараша айының 12-нен Қостанай облысы бойынша өкіл имам және Қостанай облыстық «Марал ишан» мешітінің бас имамы болып тағайындалған.

Үйленген, екі баланың әкесі.

Таңбалар: Бақытбек Тәжімбетбас имамҚостанаймас

Ұқсас мақалалар

Қостанайда полицейді жабылып ұрған бұзақылар қолға түсті (видео)
Жаңалықтар

Қостанайда полицейді жабылып ұрған бұзақылар қолға түсті (видео)

31.03.2026
Қостанай облысы әкімінің орынбасарының ұсталғаны расталды
Жаңалықтар

Қостанай облысы әкімінің орынбасарының ұсталғаны расталды

13.02.2026
Қызылордада жүргізуші куәлігінен айырылған адам қайта жаза алды
Жаңалықтар

Қызылордада жүргізуші куәлігінен айырылған адам қайта жаза алды

18.09.2025

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist