Мемлекет басшысы Мәсімовке рақымшылық беру мәселесінен бас тартты
АСТАНА. 23 шілде. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің рақымшылық беру жөніндегі өтінішіне келісім бермеді. Бұл туралы Ulysmedia.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Бұған дейін ҚР президенті жанындағы комиссия Кәрім Мәсімовке рақымшылық жасаудан бас тартқан болатын.
«Мәсімовке рақымшылық актісін қолдану мүмкіндігін зерделеу қорытындысы бойынша комиссия мемлекет басшысына тиісті ұсыныс енгізді. Ол келісті», – деп хабарлады Президент әкімшілігі.
ҰҚК-нің бұрынғы басшысына қабылданған шешім туралы хабарланды.
Сот 2023 жылдың сәуірінде Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарларына қатысты үкім шығарды. Ол «мемлекетке опасыздық жасады, билікті басып алуды насихаттады және қызмет өкілеттігін асыра пайдаланды» деген айыптаулар бойынша кінәлі деп танылды.
Сот 18 жыл бас бостандығынан айыру, мүлкін тәркілеу және мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойы айыру түрінде түпкілікті жаза тағайындады. ҰҚК-нің бұрынғы басшысының орынбасарлары – Садықұлов, Ерғожин, Осипов – тиісінше 16, 15 және 3 жыл бас бостандығынан айырылды. Төртеуі де арнайы атақтары мен мемлекеттік наградаларынан айырылды. Ал бірінші орынбасары Самат Әбіш шартты жаза алды.
Мемлекет пайдасына 10 млрд теңгеден астам қаражат және 24 млн АҚШ доллары өндіріп алынды.
Мәсімовке қатысты ҚР ҚК-нің 218-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы («Қылмыстық жолмен алынған ақшаны немесе өзге де мүлікті заңдастыру (жылыстату)») және 366-бабының 4-бөлігі («Аса ірі мөлшерде пара алу») бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.