БЕЙЖІҢ. 17 шілде. Әлем Қытай мен Щи Жиңниңге бірінші рет АҚШ пен Дональд Трампқа қарағанда едәуір сеністікпен қарауға қарай қадам басты. Бұл туралы The Moscow Times ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.
Қытай алғаш рет халықаралық қолдау деңгейі бойынша АҚШ-тың алдына түсіп кетті. Америкалық Pew зерттеу орталығының жаңа зерттеуі қамтыған 36 елдің көпшілігінде бұл жолы ҚХР-ға деген көзқарас АҚШ-қа қарағанда оң болды.
Сонымен бірге әлем жұртшылығы қазір ҚХР Төрағасы Щи Жиңпиңге АҚШ президенті Дональд Трампқа қарағанда көбірек сенім артуға айналыпты. Ал Джо Байденнің президенттік мерзімінің екінші жартысында жағдай керісінше еді, оған деген сенім деңгейі Жөңге елі басшысынан біраз артық шықты.
Егер 2023 жылы сауалнамаларға қатысатын елдердегі АҚШ-қа деген мейірімділіктің орташа деңгейі 58%-ды құраса, Қытайдың көрсеткіші 32%-ден аспаған. Ал 2026 жылы көрсеткіштер күрт өзгерді: Қытай 46% оң баға алса, АҚШ тек 36% пайызбен шектелді.
Қазір Қытайға бүйрегі бұрылып отырған елдер арасында Канада, Мексика, Испания, Италия, Франция, Германия, Нидерланд, Швеция тұрғындары басым. АҚШ тек Үндістан, Жапония, Корея, Филиппин, Польша және Израиль секілді 6 мемлекеттің ғана азаматтарынан артық дауыс алған.
АҚШ-тың әлі күнге дейін Қытайдан айтарлықтай озып келе жатқан жалғыз саласы бар, ол – жеке бостандықтарды сақтау туралы түсінік. Орта есеппен алғанда, респонденттердің 39%-ы Америка үкіметі өз азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын құрметтейді деп есептейді, ал Қытайға қатысты 26% жұрт осындай пікір ұстанады.
USD




