18 Қазан, 00:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Боксшы Жәнібек Әлімханұлы ауырып қалып, жекпе-жегі өтпейтін болды

12 Шілде 2024 23:36
- Жаңалықтар, Сайыс
Боксшы Жәнібек Әлімханұлы ауырып қалып, жекпе-жегі өтпейтін болды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ЛАС-ВЕГАС. 12 шілде. Қазақ кәсіпқой боксшысы Жәнібек Әлімханұлы ауруханаға түсіп қалуына байланысты оның жекпе-жегі кейінге қалдырылды. Бұл туралы Nur.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

«Жәнібектің 14 шілдеге жоспарланған жекпе-жегі өтпейтін болды», – делінген Top Rank промоутерлік компаниясының хабарламасында.

Қазақ боксшысының менеджері Эгис Климастың айтуынша, Жәнібек cалмақ қуу кезінде есінен танып құлаған. Кейін ол дереу медициналық орталыққа жеткізілген.

«Жәнібек Әлімханұлы бейсенбіде кешке ағзаға су жетіспеуіне байланысты ауруханаға түсіп қалғаннан кейін сенбіде Лас-Вегастағы Palms Casino Resort аренасында Андрей Михайловичке қарсы өтуі керек болған жекпе-жектен бас тартуға мәжбүр болды», – деп атап көрсетілген хабарламада.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы Астана уақытымен 14 шілде күні таңертең АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында Жаңа Зеландияның тегі ресейлік боксшысы Андрей Михайловичпен жұдырықтасып, IBF және WBO чемпиондық белбеулерін қорғауы керек еді. Алайда күтпеген жерден оның сырқаттанып қалғаны бұл жоспарды бұзып жіберді.

Қазақ боксшысы соңғы рет 2023 жылы қазанда шаршы алаңға шыққан. Ол Германия өкілі Винченцо Гуальтиериді 6-раундта нокаутпен жеңген-ді.

Түнде сонымен бірге Жәнібектің ауруханадан шыққаны да белгілі болды.

Бұған дейін қазақ боксшысының командасы Instagram желісіне Жәнібектің ауруханада жатқан суретін жариялап, оның қазіргі жағдайы туралы жазған болатын.

«Құрметті ағайындар! «Жекпе-жек болмайды» деген хабарды оқып, сіздердің де көңіл күйлеріңіз түскенін білеміз. Себебі, жанашыр, тілеулес екендеріңізді білеміз! Әлемнің түкпір-түкпірінен қаншама жанкүйер өнерімізді көрсек деп асыға күтті. Біз де рингте Qazaq style-ді көрсету үшін барымызды салып дайындалдық. Дегенмен көп спортшылар сияқты біз де салмақ жасау барысында қиындыққа тап болдық. Бірінші рет осындай жағдайды бастан өткердік. Оңай емес екен! Түнімен ауруханада болдық! Мұны да көру керек болған шығар! Қазір Жәнібектің жағдайы бірқалыпты! Денсаулық бірінші орында! Бұйыртса 2-3 ай қалыпқа келіп, рингке қайта ораламыз! Тілеулес жандардың бәріне мың алғыс! Ауырмаңыздар!», – делінген мәлімдемеде.

Соңынан ауруханадан шыққан Жәнібектің өзі де мәлімдеме жасап, жұрттың өзін қиын шақта қолдауына алғыс сезімін білдірді.

«Әр қиындық артында жеңілдік бар! Салмақ қуу барысындағы сынақты да бастан өткізіп жатырмыз, ағайын! Уайымдап жатқан жанашыр жанның бәріне көп рақмет! Аллаға шүкір, ауруханадан шықтық. Денсаулық бірінші орында! Ауырмаңыздар, жақындарыңыз ауырмасын. Біз жауынгерміз ғой, мұндай сынақтар бізді сындырмайды, шыңдайды! Бұйыртса, әлі талай әлемге қазақ стилін көрсетеміз! Қолдауларыңызға рақмет!», – деп жазды Жәнібек Әлімханұлы Instagram желісіндегі парақшасына.

Таңбалар: боксЖәнібек ӘлімханұлыЛас-Вегас

Ұқсас мақалалар

Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі
Жаңалықтар

Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

16.10.2026
«Өз еліме керек емеспін»: Тәжірибелі төрешіге қысым жасаған кім?
Жаңалықтар

«Өз еліме керек емеспін»: Тәжірибелі төрешіге қысым жасаған кім?

06.10.2026
Боксшы Оралбай Азиада-2026-да командаға екінші алтын медаль алып берді
Жаңалықтар

Боксшы Оралбай Азиада-2026-да командаға екінші алтын медаль алып берді

02.10.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist